Қазақстанның монополияға қарсы ведомствосы екі байланыс операторына ескерту жасады

2431
Фотосурет: Руслан Пряников/kapital.iz

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті заңнаманы бұзу белгілерін, атап айтқанда «Btcom infocommunications» ЖШС арасындағы тік келісімдерді анықтады. Келісім шарттарының бірінде тек «Қазақтелеком» АҚ-дан телекоммуникация қызметтерін алудың эксклюзивтілігін қамтамасыз ету болған. Атап айтқанда, үшінші тарап байланыс операторларының қызметтерін ұсыну үшін салынған желілер мен телефон желілерін пайдаланбау, сондай-ақ шартты/келісімді/мәмілені өзге байланыс операторларымен жасаспау/бұзбау, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты Агенттіктің Астана және Алматы қалаларындағы департаменттері «Қазақтелеком» АҚ және «BTcom infocommunications» ЖШС-не Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылық белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар берді. Оған сәйкес, олар бәсекелестікке қарсы тік келісімді бұзып, келісімнің жоғарыда аталған ережелерін алып тастауы қажет болды.

Өз кезегінде «Қазақтелеком» АҚ және «BTcom infocommunications» ЖШС Хабарламаны орындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -