Ұлттық қолжазбалар орталығы: Америкада табылған Қожа Ахмет Яссауи қолжазбасының көшірмесі жарық көрді

3333
Фотосурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесін жарыққа шығарды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған.

Қолжазба «Диуани хикметке» қарағанда проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды. Қазіргі уақытта мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған XVIII ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеуде.

«Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы қорына Қазақстан тарихына қатысты жазба мұраларды жинақтау барысында мұраларды іздеп табудың әртүрлі жолдарын қолдануда. Соның бірі - көне қолжазбалар мен сирек кітаптардың, карталардың электронды нұсқаларын интернет жүйесінен іздестіру жұмыстары. Қазақстан тарихына қатысты өте маңызды деген бағалы жазба деректердің көшірмелері шетелдік сайттардан анықталып, факсимильді көшірмелері жасалады» Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының бас сарапшысы Алмат Абсалықов

Кітапты түптеу жұмыстары 3 аптаға созылды. Факсимильді көшірменің жекелеген беттері блок түрінде тігілген. Мұқабаға 3 мм  картон қағазы мен ашық қоңыр түсті былғары қолданылған.

Қолжазбаның  ХІІ ғасырдағы түпнұсқасы ҚР Ұлттық кітапханасында сақталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -