Жалпыға бірдей декларациялау және мобильді аударымдар туралы білуге арналған викторинаны Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті "Қостанай Plaza" СОО келушілеріне өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.
Қаржылық сауаттылықты арттыру, Жалпыға бірдей декларациялауды енгізу туралы азаматтарға құқықтық ақпаратты жеткізу және мобильді аудармаларды тексеру мақсатында Мемлекеттік кірістер департаменті "Қостанай Plaza" сауда-ойын-сауық орталығында викторина өткізді.

Департамент қызметкерлері орталыққа ойын түрінде, жалпыға бірдей декларациялау кезеңдері туралы және кәсіпкерлер төлем карточкаларынан бас тартқан жағдайда қайда жүгіну керектігін жеткізді.
"Бүгін салықтар туралы көп нәрсе білдік. Біздің мемлекетіміздің өркендеуін тілеймін, сондықтан салықты бәрі төлеуі керек. Мен қатысқаныма және жүлдені жеңіп алғаныма өте қуаныштымын" Деді СОО келушісі Айсұлу- өз әсерімен бөлісті
Викторина жеңімпаздары мен іс-шара қонақтарына естелік сыйлықтар табыс етілді.