Тірі қалуды үйреніңіз: жер сілкінісі кезінде қалай әрекет ету керек

3718
Фотосурет: Azattyq Rýhy

Шығыс Қазақстан облысының аумағы сейсмикалық аймаққа жатады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Соңғы 10 жылда облыс аумағында 6 баллдан аз 20-дан астам жер сілкінісі болды. Зардап шеккендер мен қиратулар тіркелген жоқ.

Құтқарушылардан және жер сілкінісі аймағына барғандардан ең тиімді кеңес: алғашқы дүмпулерде  сіз үйден шұғыл түрде жүгіріп шығуыңыз керек, бірақ бұл үшін сізде 15-20 секунд бар. Егер сіз осы уақыт ішінде шығып үлгермесеңіз, тұрған жерде паналау керек.  Ғимарат шайқалған кезде баспалдаққа шықпаңыз, сонымен қатар жеделсатыны қолдануға бомайды.

Жер сілкінісі кезінде жіберілетін қателіктер:

  • Дүрбелең кезінде сіз абдырап қалуыңыз мүмкін. Бұл дұрыс емес әрекеттерге және олардан болатын қауіпті салдарға әкеледі. Адамдар терезеден секіреді, баспалдақпен жүгіре жөнеледі.
  • Тез қашуға уақыт жоқ болса - бөлмеде паналаңыз. Бірақ көбінесе адамдар қауіпсіз жерлерді дұрыс таңдамайды және терезелердің, батареялардың, сыртқы қабырғалардың жанында жасырынып, баспалдақтар мен балкондарға жүгіреді. Сонымен қатар, қауіпсіз орындар: ішкі күрделі құрылыс қабырғалары, есіктер және күрделі құрылыс қабырғаларының бұрыштары.
  • Адамдар дүмпулер кезінде теледидарды, тұрмыстық техниканы құлап қалмауы үшін ұстап қалуға  тырысады, бұл жарақатқа әкелуі мүмкін. Олар уақытты (санаулы ғана) құтқаруға емес, құжаттар мен құнды заттарды іздеуге жұмсайды.
  • Ғимараттан шыққаннан кейін адамдар көбінесе кіреберістердің жанында тұрып, дүмпулерді күтеді, ал балкондар мен лоджиялардан, шатырлардан заттар, құрылыс материалдарының қалдықтары құлап кетуі ықтимал.

ШҚО ТЖД құтқарушылары сейсмикалық қауіпті аудандардың тұрғындарына дәрі-дәрмектер, қажетті заттар, өнімдер, құжаттар, қолшам, жылы заттар салынған дабыл сандығын алдын ала дайындауды ұсынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -