Қазақстан мен халықаралық ұйымдар көлік инфрақұрылымын дамытуға бағытталған

4224
Фотосурет: Көлік министрлігі

Көлік вице-министрі Талғат Ластаев БҰҰ Қазақстан Республикасындағы Тұрақты үйлестірушісі М.Фриберг-Сторимен кездесті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Кездесу барысында БҰҰ-мен көлік саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ тараптар биыл 29-30 қаңтарда Брюссельде өтуі жоспарланған Global Gateway инвестфорумына қатысу бойынша жоспарлармен бөлісті.

Айта кетерлігі, министрлік БҰҰ Орталық Азияға арналған бағдарламасының Көлік, транзит және байланыстылық бойынша жұмыс тобының аясында осы бағытта белсенді жұмыс атқарады.

Сонымен қатар Қазақстан теңізге шығатын жолы жоқ ең үлкен аумаққа ие бола отырып, аталған санаттағы елдер тобының (LLDC’s) жыл сайынғы отырыстарына белсенді түрде қатысады.

Жалпы жиынға қатысушылар көлік, инфрақұрылым, логистика және басқа да салаларда белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -