Мұздағы қауіпсіздік: Павлодар облысында 13 мұз өткелі ашылады

3894
Фотосурет: Павлодар облысы ТЖД

Павлодар облысының Өңірлік коммуникация қызметінің алаңында БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәслихаты  ұйымдастырып өткізілді. Баспасөз мәслихатының тақырыбы: «Мұз өткелдеріндегі қауіпсіздік ережелері туралы», деп хабарлайды DKNews.kz.

Спикерлер ретінде Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқарма бастығының міндетін атқарушы подполковник Қыдыржан Наскенов және азаматтық қорғаныс басқармасының офицері аға лейтенант Темірлан Жапалбай сөз сөйледі.

Сөз сөйлеу барысында Қыдыржан Наскенов Павлодар облысының аумағында ағымдағы жылы 13 мұз өткелін ашылуы жоспарланып, бүгінгі таңда барлығы 9 мұз өткелі, оның 4-і автокөлік үшін, 5-і жаяу жүргіншілер мен ат көлігі үшін ашылғаны туралы хабарлады.

ҚР ІІМ 2015 жылғы 19 қаңтардағы №34 «Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 44-тармағының 8-тармақшасына, 6-тарауына сәйкес мұзда қауіпсіз болудың негізгі шарты мұздың қалыңдығының қоса беріліп отырған жүктемеге сәйкестігі болып табылады. Бұл ретте мұздың қауіпсіз қалыңдығы бір адам үшін кемінде 10 сантиметрді, бұқаралық спорттық және мерекелік іс-шараларды және автокөлік өткелдерін ұйымдастыру үшін кемінде 25 сантиметрді құрайды.

Сондай-ақ спикерлер суға түскісі келетіндердің барлығына келесіні еске салды:

Мұз өткелдері арқылы жүру кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін мұз өткелдерінің алдында белгіленген барлық ақпараттық белгілердің талаптарын қатаң сақтаңыз. Мұзға баяу, итеру мен тежеусіз шығыңыз. Мұз өткелінде тоқтауға, серпіліспен қозғалуға, бұрылуға, көліктерді басып озуға және оларды жанармаймен толтыруға тыйым салынады. Мұздың жүк көтергіштігінен асатын жүктемелерге жол бермеңіз. Көлік құралдарын нашар көрінген кезде (тұман немесе боран) жылжыту ұсынылмайды. Жеңіл автокөлікпен өткел бойынша жүріп-тұру кезінде ең алдымен қолда бар жолаушыларды түсіру, қауіпсіздік белдігін шешу, жүргізуші есігін сәл ашық қалдыру қажет.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -