Грек-рим күресі: елордалық спортшы ел чемпионы атанды

5082
Фотосурет: Астана қаласының әкімдігі

Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен грек-рим әдісі бойынша сайыстар өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ел біріншілігінің екінші күнінде грек-рим күресінен 60, 67, 77, 87, 125 келідегі балуандар өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

87 келі салмақ дәрежесіндегі финалдық белдесуде Астананың қос балуанының жолы түйісті. Алайда Мақсат Сайлаудың жарақатына байланысты Азамат Құстыбаев аталған салмақта ел біріншілігінің алтын жүлдегері атанды.

Айта кетейік, жарыстың алғашқы күнінде елордалық грек-рим күресінің шебері Айбек Айтбеков өз салмағында күміс жүлдегер атанған болатын.

Осылайша грек-рим күресінің жалпы 10 салмақ жүлдесі бойынша Астана қаласы 1 алтын 2 күміс медальмен төртінші орынға тұрақтады.

Енді ертең бозкілемге бұрымды балуандарымыз шығады.

Аталған ел біріншілігіне еліміздің 20 өңірінен 600-ден астам күрес шебері қатысып жатыр.

Бәсеке 5 ақпанға дейін Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -