Семейдегі өрт: жанып жатқан базарға ҚР Ұлттық ұланының жауынгерлері жіберілді

6017
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Семейде  өртеніп  жатқан ірі киім базарына Ұлттық ұланның  жауынгерлері жіберілді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Тілсіз жаумен  арпалысқан  өрт сөндірушілермен қатар  оқиға орынына жедел жеткен  5511 әскери бөлімінің жеке құрамы  қоғамдық  қауіпсіздік пен құқықбұзушылықтың алдын алуда. Әскери қызметшілер өртенген аумақты қоршауға алып,   арнайы техникалардың өтуін қамтамасыз етуде. 

- Қызыл жалын  құрсауындағы сауда нысанына  «Шығыс» өңірлік қолбасшылығынан елуден астам әскери қызметші жіберілді. Жеке құрам алапат өрт салдарынан зардап шеккен  сауда нүктелерін баса назарға алып,  мородерлікке жол бермеу үшін  өрт  толықтай сөндірілгенше  тиісті аумақты жіті бақылауда ұстайды, - дейді 5511 әскери бөлімін штаб бастығы -командирдің орынсабары Алмазхан Әбішев.   

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -