Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания короліне тезірек сауығып кетуін тіледі

5192
Фотосурет: Аkorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльзге жеделхат жолдады.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Королі ІІІ Чарльздің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіріп, жеделхат жолдады" Ақорда

Бұған дейін Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлер Ұлыбританияның қазіргі королі Чарльз III-ке қатерлі ісік диагнозын қойғаны туралы мәлімдеме жасаған еді. Монарх ауруына байланысты қоғамдық міндеттерін кейінге қалдырған.

Букингем сарайының өкілдері бұл уақытша екенін баса айтты. Дегенмен, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра береді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -