Елена Рыбакина өзінің жетінші WTA атағын атап өтуде

9174
Фотосурет: ҚТФ баспасөз қызметі

Елена Рыбакина Әбу-Даби турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Әбу-Даби (ОАӘ) WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 14-ракеткасы, ресейлік Дарья Касаткинамен бас жүлдені сарапқа салды.

Осыған дейін қарсыластар төрт мәрте кездескен еді. Есеп тең – 2:2.

Бұл жолы бірінші партияда Рыбакина бет қаратпады – 6:1. Елена екінші сетте де брейкпен алға кеткенімен, ресейлік теннисші сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2.

Есеп 4:4 болған мезетте Рыбакина тағы бір брейк жасай алды – 5:4. Содан кейін матчқа доп бергенде, қателескен жоқ – 6:4.

Бір сағат 10 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 3 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың алтауын өз есебіне жазды.

Осылайша, биыл Елена Рыбакина WTA 500 жарысында екінші рет жеңімпаз атанды. Ол өткен айда Брисбенде (Аустралия) үздік шыққан еді. 

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -