Қазақстанның жол саласындағы жаңа бағыттар

4323
Фотосурет: Gov

ҚР КМ АЖК «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК жаңа Бас директоры тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Бас директоры болып 20 жылдан астам жол саласында қызмет еткен Болатбек Қабланбекұлы Айтбаев тағайындалды.

Болатбек Қабланбекұлы 1975 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын "Автомобиль жолдары мен аэродромдар құрылысы" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2004 жылы «ҚазЖолҒЗИ» ААҚ Астана қаласындағы филиалында инженер болып бастады.

Ұзақ уақыт бойы «Қазавтожол» жүйесінде басшылық қызметтерде болды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -