STEAM-пәндер ЖОО оқытушылары NU-да тренингтерден өтті

3498
Фотосурет: ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

NU Жоғары білім беру мектебі Финляндияның HAMK және JAMK университеттерімен бірлесе отырып «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын нығайту» ауқымды жобасы аясында қазақстандық мұғалімдерді оқытуды жалғастыруда, деп хабарлайды DKNews.kz.

Жоба ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және Дүниежүзілік банк қолдауымен жүзеге асырылды. Бұл бастама – Қазақстанның республикадағы педагогикалық білім беру ландшафтын өзгертуге бейілділігінің айғағы. Жоба Үздік шетелдік тәжірибелерді көрсететін және еліміздің білім беру қажеттіліктеріне жауап беретін педагогикалық білім берудің жетілдірілген моделін енгізуге бағытталған.

NU-да сарапшылар Яркко Ламписелка, Ансси Линделл, Айбаршын Болатова және Гүлниса Жүнісова CLIL технологиясы – пәндік-тілді кіріктірілген оқыту бойынша 18 университеттің 100 оқытушысына тренингтер өткізді. STEM пәндерінің мұғалімдері оқу үдерісіне әртүрлі мектеп пәндерін кіріктіруді үйренді және өздерінің студенттері-болашақ мұғалімдері үшін пәнаралық және тілдік ортаны құруды үйренді.

Бағдарлама гибридті форматта жүзеге асырылып және онлайн және офлайн сессияларды, сондай-ақ тәлімгерлік сессияларды қамтыды. Барлық студенттерге Финляндия университетінің сертификаттары берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -