Өскеменде арнайы жасақ қоян-қолтық ұрыстан сынға түсті

1110
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Өскеменде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Павлодар, Семей және Өскемендегі әскери бөлімдері арасында қоян-қолтық ұрыстан жарыс өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Дәстүрлі түрде өтетін әскери жекпе-жекке алпысқа жуық  жауынгер қатысты. Олар боз кілемде бақтарын сынап, әскери біліктіліктерін жетілдіріп, өзара тәжірибе алмасты. Тартысқа толы дода шымылдығынын «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев ашты.

- Мұндай жарыстар жауынгерлік рухты оятады. Темірдей тәртіпке тәрбиелейді. Сонымен қатар  азаматтық тұлғаларды, құқық бұзған азаматтарды құрықтауда қоян-қолтық ұрыс тәсілдерінің тигізер үлесі мол екендігін айқындайды, - дейді «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Арман Жұмағалиев.

Сайысқа қатысушылардың бірі Манарбек Әсембай. 67 келі салмақ дәрежесінде бақ сынайтын әскери қызметкер өткен жылы бұл доданың жеңімпазы атаныпты. Биыл да былтырғы атағын қорғап қалмақ ниетте.

- Мен былтыр спорттың бұл түрінен біраз белестерді бағындырдым. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында қарсылас шақ келтірмей, Ұлттық ұланның  чемпионатында да үздік атандым. Биыл да  былтырғы  жеткен жетістігімді  қайталағым келеді. Шыны керек,  бұл  жолғы қарсыластарым осал емес. Дегенмен жеңіске жету жолында барымды саламын, - дейді 5518 әскери бөлімінің қызметкері сержант Манарбек Әсембай.

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы біріншілігінде жеті салмақ дәрежесін сарапқа салған спортшыларға арнайы медальдармен дипломдар табысталды. Дүбірлі дода қорытындысы бойынша 1 орынды Семей қаласынан келген 5511 әскери бөлімі жеңіп алса,  2 орынды Өскемендегі 5518 қанжығасына байлап, ал 3 орынды Павлодар қаласындағы 5512 әскери бөлімінің спортшылары  жеңіп алды. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер арасынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы жасақталып, сәуір айында Алматы қаласында өтетін Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін болады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -