БҚО-дағы су тасқыны: әскерилер зардап шеккендерге көмек көрсетеді

4301
Фотосурет: Gov

Әскерилер Батыс Қазақстан облысының су басқан ауыл тұрғындарына көмек көрсетті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Іс-шараларға жергілікті атқарушы органдар, төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшелер, басқа да күштік құрылымдар мен мердігерлік ұйымдар жұмылдырылған.

Батыс Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының 32 әскери қызметшісі подполковник Тимур Үмбетқалиевтің басшылығымен Сырым ауданындағы авариялық-құтқару жұмыстарына қатысуда.

Температураның көтерілуіне байланысты еріген су Қособа ауылын басып қалды. 28 наурыз күні кешке басталған кособалықтарды эвакуациялау жұмыстары түнгі екіге дейін жалғасты. Қарулы күштердің 99250 әскери бөлімі әскери қызметшілерінің үйлесімді іс-қимылының арқасында эвакуациялау пункттеріне 250 адам жеткізілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Как разместить агитационные материалы политическим партиям на DKNews.kz

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -