Бюджет қаражатын ұрлау: Алматы прокурорлары бұзушылықтарды анықтады

3982
Фотосурет: Yevgeniy Sambulov/CP

Алмалы ауданының прокуратурасы мектептердің бірін тексеру барысында негізсіз жалақы есептеу жолымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады, деп хабарлайды DKNews.kz.

2019 жылдың қаңтар айынан 2023 жылдың тамыз айына дейінгі кезеңде мемлекеттік қаражатты жымқыру мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бас бухгалтер және директордың шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары мемлекеттік бюджеттен төлемдерді негізсіз төледі.

Қылмыстық әрекеттер нәтижесінде мемлекетке 11 млн. теңге көлемінде залал келтірілді.

Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығы шектелді.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -