Алматыда уақытша қоршаулардың стилистикалық бірлігі талқыланды

475
Фотосурет: «Алматыбасжоспар» баспасөз қызметі

«Алматыбасжоспар» ҒЗИ алаңында Алматы қаласы дизайн-кодының «Қоршаулар» бөлімін талқылау бойынша жобалық семинар өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Семинарға қалалық құрылыс басқармасы, «Алматыбасжоспар» ҒЗИ, «Атамекен» ӨКП, құрылыс компанияларының өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлері қатысты. 

Қатысушыларға уақытша қоршауларды безендіру кезінде пайдалану үшін визуалды орналастыру форматы, бояулар палитрасы мен қаріптер ұсынылды. Дизайн код бойынша уақытша және мобильді қоршаулардың қатарына мыналар жатады: ірі қалалық іс-шаралар кезіндегі қоршаулар, жөндеу жұмыстары, құрылыс жұмыстарына арналған қоршаулар.

«Қалалық ортаның эстетикалық келбетін және көшедегі қауіпсіздікті қалыптастыру мақсатында қоршаулардың қоршаған ортамен стилистикалық жағынан біртұтас болуы және визуалдық кедергілер тудырмауы тиіс уақытша қоршауларды орнату тәсілін қайта қарау қажет. Айта кету керек, режимдік және әлеуметтік нысандарды қоспағанда, қоршау мен өзге де дуалдарды ғимараттарға іргелес көшелер жағынан ғимараттың негізгі қасбеттерінің алдына қоюға жол берілмейді», - деп атап өтті дизайн-код жобасының бас сәулетшісі Тахмина Сафоева.

«High Garden Architects» директоры Нұрай Айтымов өз кезегінде қауіпсіздік мақсатында да, жарнама үшін де уақытша конструкциялардың стандарттарын, сондай-ақ оларды жарықтандыруын белгілеуді ұсынды.

«Отандық суретшілер үшін өз туындыларын сала алатын визуалдық кеңістіктің бір бөлігін стандартқа салса жақсы болар еді. Бұл шаралар қазақстандықтардың мәдени рухын көтереді», - дейді «Almaty Tourism Bureau» маркетинг бөлімінің басшысы Галина Голдберг.

«Алматы Тау» ЖШС дизайнері Алена Андрющенко қоршауларда навигация элементтерін орналастыруды ұсынды. «Бұл қала тұрғындары мен қонақтары үшін өте ыңғайлы болады», - деп өз ойын толықтырды ол.

«Инсайд Тревел» ЖШС IT консалтинг директоры Еркін Тикеновтің пікірінше, вернакулярлық ауданның айдентикасын қоршаудағы визуалда пайдалану туризмнің дамуына оң әсер етеді және қала тұрғындарының бірлігін арттырады.

Кездесу барысында кәсіпкерлер қоршауларды орналастыру нұсқамалары бар түсіндіру буклеттерін алды. Айта кетейік, түрлі мүдделі топтардың қатысуымен Алматының дизайн-кодының бағыттарын талқылау бойынша мұндай кездесулер үнемі өткізіліп тұрады. Бұл әзірлеушілерге дизайн-код бойынша қосымша ұсыныстарды әзірлеу кезінде барлық тараптың мүддесін ескеруге мүмкіндік береді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -