Әскери бөлім мамандандырылған сарбаздармен толықты

345
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизонындағы танк әскери бөлімінің қатары Гвардейск гарнизонында 6 ай арнайы даярлықтан өткен 70-тен аса мамандандырылған мерзімді қызметтегі сарбаздармен толықты, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты Гвардейск гарнизонындағы кіші мамандарды даярлау оқу-жаттығу орталығынан алты ай көлемінде арнайы білім алып, кәсіби дайындықтан өткен сарбаздар «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз гарнизонының танк әскери бөліміне жеткізілді.

Әскери бөлім басшылығы  сарбаздарды жылы қарсы алып, әкімшілік аумақпен және әскери техникалар мұражайымен таныстырды. Сонымен қатар бөлім командирі полковник Дәулет Сүттібаевтың бұйрығымен кіші мамандандырылған сарбаздар әскери ұрыс машиналарындағы лауазымдарына тағайындалып, үй жайларға орналастырылды. Сарбаздардың қатарында танк, жаяу әскер машинасы, жеңіл брондалған  ұрыс машиналарының механик-жүргізушілері және көздеуші-операторлары да бар.

Айта кетейік, қазіргі таңда сарбаздар жаңа әскери бөлімге бейімделу кезеңінен өтуде. Сондай-ақ, бөлімнің тәрбиеші офицерлері мен психологтары танып-білу жұмыстарын жүргізуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -