Қазақстанда жасанды интеллект ауыл шаруашылығы техникасын танитын болады

424
Фотосурет: Gov

«ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы Amazon Web Services ресми серіктесі Qcloudy-мен бірлесіп жасанды интеллектің көмегімен лизинг нысандары мен кепілдік қамтамасыз етудің онлайн-мониторинг жүйесін әзірледі, деп хабарлайды DKNews.kz.

Лизинг нысандарының сандық, сапалық параметрлерін бақылау мақсатында «ҚазАгроҚаржы» АҚ компаниясының филиал қызметкерлері мүлік мониторингісін жүзеге асырады. Бұл мақсатта инжинер-механик лизинг нысаны орналасқан мекен-жайға барып, оны фотосурет пен видеоға түсіріп, бақылау жөнінде актіні толтырып, деректерді ERP есепті жүйесіне енгізеді.

Мониторингке барлық филиалдардың инжинер-механиктері, сондай-ақ тексеріс өтетін нысанның көлеміне қарай жүргізушілер, заң кеңесшілері мен өзге де қызметкердер тартылуы мүмкін.

«Бұл жұмыс барынша уақыт пен адам күшін қажет етеді. Алайда біздің компания үшін бұл жүйе өте тәуекелді және шығынды екендігін аңғардық. Сол себепті туындаған мәселені шешу мақсатта және қызметкерлеріміздің жұмыстарын жеңілдетіп, шығындарды азайту үшін оңтайлы шешім іздестіруді қолға алдық» «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Марс Алиш

Жағдайды жақсарту мақсатында, яғни түгендеу жұмысын клиенттер өздері атқара алуға мүмкіндігін беретін мобильді қосымша әзірленді. Бірақ кейбір алыс ауыл аймақтарында интернет жүйесі жоқ болғандықтан, осы мәселені шешуде тағы жаңа мүмкіндіктерді іздеу қолға алынуда.

Лизинг нысандарын сәйкестендіру жобасы фотосуреттер сериясын пайдалануға негізделген. Орташа алғанда, 5 фотосурет сериясы бойынша бір лизинг нысанасын тану 20 секундтық уақытты алады. Бұл адам факторын азайтуға және түгендеу жұмысын жүргізу уақытын үш айдан екі аптаға дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

«Біз жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерттеуге кірістік және Amazon шешімін таңдадық. Алгоритмі келесідей: клиент бірқатар фотосуреттер түсіреді, ЖИ оны танығаннан кейін жауап жібереді, соған байланысты біз өзіміз үшін жарылған дөңгелектер, әйнектегі жарықтар және басқа да ұсақ ақаулар сияқты сәттерді байқап, ескереміз» Марс Алиш

Жасанды интеллекті пайдалану арқылы түгендеу жұмысын жүргізуді автоматтандырылуы тиімділіктің жоғарылауына, тәуекелдерді азайтуға және ресурстарды оңтайландыруға әкелуі мүмкін.

«Бұл тәжірибе біздің атқарып жатқан қызметте инновацияның маңызды екендігін білдіріп, жаңа перспективаларды ашылуын көрсетеді. Мониторинг пен түгендеу жұмысы «ҚазАгроҚаржы» компания қызметінің маңызды құрылымы болып қала береді.  Біз Amazon-ға нәтижелерге орай үлкен рахмет айта отыра,  басқа процестерде де тиімді шешімдерді қолдану үшін ынтымақтастықты жалғастыруды жоспарлап отырмыз «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Үсен Ғалым
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -