Алматыда «БҰҰ бітімгерлік операцияларындағы гендерлік аспектілер» курсы өткізілді

453
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бітімгерлік операциялар орталығы ЕҚЫҰ-ның бағдарламалар офисімен бірлесіп ұйымдастырған ағылшын тілінде жүргізілетін оқыту бағдарламасы гендерлік мәселелер саласындағы хабардарлықты арттыруға бағытталған, деп хабарлайды DKNews.kz.

Гендерлік мәселелер тұтастай алғанда, Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлік қызметінің, сондай-ақ ұлттық контингенттерді дайындау процесінің өзекті әрі ажырамас бөлігі болып табылады.

 – Әскери қызметшілерге қақтығыстар барысында дағдарыстық жағдайларға әсер ететін негізгі аспектілерді толық және дұрыс түсіну үшін гендерлік хабардарлық қажет, –  деп түсіндірді курс жетекшісі майор Римма Шакеева. –  Бітімгерлер жанжалдың әртүрлі жастағы және гендерлік топтардың өкілдеріне қалай әсер ететінін түсінуі керек. Бұл сексуалдық, гендерлік зорлық-зомбылық жағдайында дұрыс әрекет ету, талдау және шешім қабылдау үшін қажет.

Осы саладағы хабардарлықты арттыру және ұлттық іс-қимыл жоспарларын әзірлеу бойынша тиісті талаптар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің «Әйелдер, бейбітшілік, қауіпсіздік» қарарында баяндалған.

Қазақстан БҰҰ-ның гендерлік саясатқа қатысты талаптарын сақтай отырып, әйел әскери қызметшілерді бітімгерлік миссияларға қатысуға тұрақты түрде жіберіп келеді.

Бүгінгі таңда ҚР Қарулы күштерінің жетінші әйел әскери қызметшісі БҰҰ-ның шетелдегі бітімгерлік миссиясы шеңберінде әскери бақылаушы рөлінде қызмет өткеруде. Тағы жеті әйел әскери қызметші ұлттық бітімгерлік контингентінің құрамында Голан жотасына жіберілді. Қазіргі уақытта олар миссия қолбасшысының резервтік ротасы құрамында қызмет өткеруде.

Курстың мақсатты аудиториясы – Қарулы күштердің, Төтенше жағдайлар министрлігінің, Ұлттық ұланның өкілдері, сондай-ақ Иордания, Нигерия және Тунис Қарулы күштерінің әскери қызметшілері.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -