«Ауыр артиллерия»: үстел теннисінен ардагерлер чемпионаты өтті

1745
Фотосурет: «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Алматыдағы Ұлттық ұланның 3650 әскери бөлімінің спорт залында Отан қорғаушылар күніне орай үстел теннисінен ардагерлер арасында ашық турнир өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

Құқықтық тәртіп әскері ардагерлерінің арасында ұйымдастырылып отырған жарысқа 18 спортшы ардагер қатысты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлініп, өзара кім мықтыны анықтады.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы ардагерлер кеңесінің төрағасы Асатулла Құлахмедовтың айтуынша, турнирді өткізудегі мақсат – орын алу емес, өскелең ұрпаққа үлгі болу, ардагер спортшылар сапасын жақсарту, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сондай-ақ үстел тенисінің жасқа шектеу жоқтығын көрсете отырып, бұл спорт түрін насихаттау.

Қазіргі кезде ардагерлеріміз жастарымызды отансүйгіштікке, адамгершілік пен рухани тұрғыдан тәрбиелеу жолында өз үлестерін қосып келеді. Бүгінгі турнир ардагерлер мен Ұлтық ұлан әскери қызметшілері арасындағы байланысты одан әрі нығайтудың дәлелі іспетті.

Айта кетейік, елде қарқынды дамып келе жатқан спорттың бірі – үстел теннисі. Бұл нағыз бұқаралық ойын. Әрі әр жастағы адамдар үшін қол жетімді. Қимыл қозғалыстың тездігі, шабуылдардың шапшаңдығымен, техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен оқиғалардың әсерлілігімен өзіне қатты қызықтырады. Ойын кезінде ойыншы жалынды, жігерлі күшпен бірге дене қозғалысына қосымша күш береді.

Жарысқа қатысушы ардагерлер арасында ең егде тартқан шағын ракетка шеберлерінің жасы 85-ті құрады. Турнирге қатысушылар жоғары деңгейдегі шеберлік пен спорттық рухты көрсетті.

Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша үздік ойын өрнегін көрсеткен 60 жасқа дейінгі ардагер теннисшілер арасында I орынды Руслан Тыныбаев, II орынды Жандарбек Бимұрзаев, III орынды Икрам Мамедов жеңіп алды. Ал 60 жастан жоғарғы «Ауыр артиллерия» арасында I орынды Берік Алмағамбетов, II орынды Исмаил Абизов, III орынды Еркош Көлбаев иеленді.

Жеңімпаз атанғандарға және жарысқа қатысушыларға дипломдар, турнирдің арнайы кубоктары мен медальдары табысталды. Жарыс соңында ардагерлер ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.

Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларға мықты денсаулық, ұзақ өмір қажымас қайрат тілейміз!

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -