Ұландықтар Атырау облысының су басқан аудан тұрғындарына көмек көрсетуді жалғастыруда

1644
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұландықтар Атырау облысында және еліміздің басқа өңірлерінде су тасқынына қарсы іс-шараларға көмектесуді жалғастыра береді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жағдай тиісті органдардың бақылауында. Су тасқынын жою мақсатында құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен ұландықтар су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде. Атырау облысына судың көп мөлшері ағып келеді деген болжам бар. Сондықтан осы өңірде су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін.

Бүгінгі күні Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Сәденовтің бұйрығымен Ішкі істер органдары және Ұлттық ұланның күшімен Қазақстанның батыс өңірлерінде су тасқынына қарсы іс-шаралар бойынша міндеттерді орындау жүзеге асырылуда.

Мәселен, Атырау облысына 5546 (Атырау қ.) және 5451 (Қарағанды қ.). әскери бөлімдерінен 800 – ге жуық әскери қызметші тартылды. Ұландықтар полицейлермен және құтқарушылармен бірлесіп су тасқынына қарсы іс – шараларын және адамдарды эвакуациялауды жалғастыруда.

Сонымен қатар, таңертең және кешке дейін 150-ден астам атыраулық әскери қызметші Еркінқала кентінде су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысып жатыр. Сондай-ақ, Атырау полкінің жеке құрамының бір бөлігі үнемі келіп тұратын гуманитарлық көмекті түсірумен-тиеумен айналысады.

Сонымен қатар, қарағандылық ұландықтар жағалауды нығайту мақсатында Ракуша кентінде және  Атырау-Көпір-Әлиев, Балықшы, Көк-Арна - Балық зауыты, Жаңаталап, Балық аулау каналы шағын аудандары мен Атырау-Индер-Бесікті тас жолдарында, Суарнасы-Орталық, ФОК-та қапқа құм толтырып, бөгет салу жұмыстарына қатысып жатыр. Құлсары қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті сақтауды 5451 әскери бөлімінің жауынгерлері қамтамасыз етеді, әскери қызметшілер осы ірі елді мекенде екі ауысымда патрульдік-бекеттік қызмет атқарады.

5517 (Орал қ.) және 6655 (Ақтөбе қ.) әскери бөлімдерінің 500 әскери қызметшісі өз өңірлерінде патрульдік-бекеттік қызмет атқарып жүр. Ұландықтар күндіз-түні су басқан аумақтарда болады. Олар қауіпсіздік мақсатында азаматтарды су басқан үйлерге жібермейді. Оларға Ұлттық ұланның әуе кемесі – Ми-171Е тікұшағы көмектесіп жатыр. Тағы 30-ға жуық сарбаз гуманитарлық көмекті түсіруге көмектеседі.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының қалалары мен кенттерінде су тасқыны салдарын жоюға 6697 (Қостанай қ.) және 6637 (Петропавл қ.) әскери бөлімдерінің 250 әскери қызметшісі жұмылдырылған.

Жалпы, су басқан өңірлерде су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері табиғи апат салдарының алдын алу және оны жою үшін 3000-нан астам ұландық жұмылдырылды. Олар 120 автомобиль техникасы мен 6 әуе кемесін пайдаланды. 1781 адам эвакуацияланды, ұзындығы 105 км-ден астам жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді, 1 миллион 335 мың құм толтырылған қап дайындалып, төселді. Су тасқыны болған жерлерге 160 тоннадан астам гуманитарлық жүк жеткізілді және ұландықтар 2100 тоннадан астам жүк түсірді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -