Алматы жасылға айналуда: 4 мыңнан астам жеміс ағаштары қаланы безендірді

916
Фотосурет: Almaty akimdigi

«Алматы – бақ қала»  акциясы аясында 4 мыңнан астам алма ағашы отырғызылды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Бүгін «Таза Қазақстан» республикалық акциясы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында 8 мыңнан астам ағаш, оның ішінде 4515 жеміс көшеті отырғызылды. Қала әкімі Ерболат Досаев жеміс ағаштарын отырғызуға атсалысты.

Қаланың барлық ауданында ағаш пен бұтаның көшеті отырғызылды. Жаңа Сайын көшесінің шығыс жағындағы ҮАК бойындағы саябақта қала басшысы Ерболат Досаев көшет екті. 

Қала тұрғындарымен, қоғам қайраткерлерімен және эко-белсенділермен бірлесіп Алатау ауданының аумағында 500 алма және 500 өрік көшеті отырғызылды.

Алма бағы 2270 көшет отырғызылған «ALA» саябағында да пайда болды. Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңына тағы 1000-ға жуық жапырақты ағаш көшеті отырғызылды. 

Қаланың әр жерінде аудан әкімдіктері алма көшетін екті, оның 1245 жеміс, 90 жапырақты ағаш және 2600 бұта, атап айтқанда сәнтал, ырғай, қабыржық, қаржеміс және т.б.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -