520
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

Көпұлтты еліміз үшін бірлік мерекесінің маңызы ерекше. Халықтар достығымен, ішкі ынтымағымен танылған Қазақстанға әлем елдерінің сүйсінетіні рас. Достықтары жарасым тапқан көпұлтты ұжымдар әскерімізде де баршылық. Соның бірі – медицина қызметінің полковнигі Жанель Абыкеева басқарып отырған «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының лазареті.

Жанель Өмірқұлқызы әскери қызметте 24 жыл өтілі бар, өте парасатты, білімді, жан-жақты, өз жұмысына адал офицер. Аяулы жар, ана. Қатал көрінгенімен, әріптестеріне моральдық-психологиялық тұрғыда ақылын айтып, жөн сілтейтін жанашыр жан. Көптеген жетістіктерге жетіп, әріптестерінің медициналық біліктіліктерін арттыру мақсатында оң өзгерістер мен жаңа бағыттарды енгізуге барын салады.

- Ұжымда түрлі ұлт өкілдері қызмет етеді. Мәселен, лазарет старшинасы 3 сынып сержанты Адиям Тохтаметова, аға маман ефрейтор Динара Надырова, дезинфектор қатардағы Фатима Мансұр – ұйғыр ұлтынан. Ал фельдшеріміз аға сержант Олеся Айтбаеваның ұлты – неміс. Алайда, жолдасы қазақ. Бәрінің де әскери қызметтегі өтілдері біршама, кәсібиі мамандар. Ұлттары әрқалай болғанымен, татулықтары мығым. Өзара сыйлыстыққа берік жандар, -дейді медицина қызметінің майоры Мақпал Талдыбаева. Мақпал Шайзадынқызы әскери салада 20 жылдан аса қажырлы еңбек етіп келе жатқан отоларинголог дәрігер.

Ұжымда сондай-ақ, рентгенолог дәрігер медицина қызметінің капитаны Жандос Сералиев, психиатр дәрігер медицина қызметінің аға лейтенанты Ұлықпан Қуат Бейсенбай, фармацепт ефрейтор Нұржан Бердібек, лаборант Қанат Сәрсекеева, санитарлық нұсқаушылар кіші сержант Жадыра Майкенова және ефрейтор Бауыржан Аманжолов, рентгенлаборант сержант Азат Шадан жемісті қызмет етуде.

– Әлбетте, қызметіміз өте жауапты. Жеке құрамның, әрбір жауынгерлердің денсаулығын, қызметке жарамдылығын қамтамасыз етуге бар үлесімізді қосып келеміз. Осындай көпұлтты ұжымды бір шаңырақтың астында айрандай ұйытып, тату-тәтті әрі жемісті қызмет етуге жағдай жасап отырған басшымызға алғысымыз шексіз, - дейді орыс қызы, лазареттің аға медбикесі ефрейтор Александра Арапова.

Шынында, бірлігі жарасқан ұжымдағы әрбір маман – жоғары санаттағы дәрігер, жаңа заманның технологияларын қызметті тиімді қолданып жүрген кәсіби шеберлер. Өз салаларындағы қатаң ережелерді сақтаумен қатар, қызмет тәртібін де әскери жарғыға сай атқарады. Жауынгерлік дайындықтарын шыңдап, кез келген жағдайға әзірліктерін пысықтап отырады. Гиппократ антына да, Әскери антқа да адал ақ халатты абзал жандарды келе жатқан Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтап, бірліктері мен біліктіліктері арта берсін деп тілейміз. 

Кіші сержант Гүлжан ҚАРАБАЛИНА, Алматы қаласы

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -