Салықтық әкімшілендіру шеңберінде капиталдың шығарылуына қарсы іс-қимыл

345
Фотосурет: kapital.kz

Елден капиталдың кетуіне қарсы іс-қимыл шеңберінде салықтық бақылау шараларының нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қосымша 17,7 млрд.теңге сомасында салық есептелді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мәселен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен халықаралық салық салу бойынша алынған мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша 14,7 млрд.теңге сомасында салықтар қосымша есептелді.

Құзыретті органдардың қаржылық шоттары туралы ақпаратты автоматты түрде алмасу туралы көпжақты келісім шеңберінде (Common Reporting Standart) 578 жеке тұлғадан бюджетке 3 млрд.теңге өндірілді.

Бұл ретте елден капиталдың кетуіне қарсы іс қимыл жөніндегі шараларды күшейту үшін Мемлекеттік кірістер комитеті халықаралық ынтымақтастық шеңберінде тиісті жұмыстар жүргізуде.

Қазақстан BEPS қатысушысы болып табылады – ЭЫДҰ және G20-ның бірлескен жобасы – Салықтық базаны бүркемелеуге және пайданы салық салу аясынан алып кетуге қарсы іс-қимыл жөніндегі жаһандық салық ережелерін енгізу жөніндегі шаралар жоспары.

2020 жылы Қазақстан көпжақты конвенцияны ратификациялады, мұнда негізгі мақсат кәсіпкерлік қызмет іс жүзінде жүзеге асырылатын мемлекетте пайдаға салық салуды қамтамасыз ету болып табылады; салықтарды төлеуден жалтару мақсатында пайданы төмен салықтық юрисдикцияларға жасанды алмастыруды болдырмау болып табылады.

Сондай-ақ, қолданыстағы 55 салық келісіміндегі ақпарат алмасу туралы ережелерден басқа, Қазақстан Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияны (Страсбург конвенциясы) ратификациялады.

Ол салықтық ақпаратпен алмасу тәжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Жазбаша сұрау салудан басқа Страсбург конвенция шеңберінде салықтық ақпараттарды автоматты түрде алмасу мүмкіндігі көзделген.

Бүгінгі күні осы халықаралық шартқа 147 ел, оның ішінде 43 оффшорлық юрисдикция қосылды.

 2023 жылы АҚШ Үкіметімен Қазақстан резиденттерінің 2014 жылдан бастап шоттағы қалдық, сыйақы сомасы, төленген дивидендтер бөлігінде қаржылық шоттары бойынша деректермен алмасу үшін халықаралық салық тәртібін (FATCA) жетілдіру туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар, капиталды шығаруға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс шеңберінде Салық кодексіне дивидендтер бойынша жеңілдіктерді жою, өзара байланысты бейрезидент-тұлғалармен көрсетілген материалдық емес қызметтер бойынша шегерімдерге шектеулер енгізу (3%-дан аспайтын), бейрезиденттерге кіріс төлейтін жеке тұлғаларды салық агенттері деп тану бөлігінде түзетулер мен басқа да өзгерістер енгізілді.

Сондай-ақ, трансферттік заңнамаға түзетулер қабылданды, онда нарықтық бағаны айқындау әдістері жетілдірілді, нарықтық диапазонды айқындау тетіктері енгізілді, тараптардың өзара байланыстылығын айқындау кеңейтілді және қазақстандық тауар биржаларында жасалған мәмілелер бойынша бақылау қайтарылды.

Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап валюталық бақылау функциясы берілді.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығына сәйкес қолма-қол ақша мен алтын құймаларын заңсыз әкетудің жолын кесу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -