Біз – Жеңістің мұрагеріміз

537
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты  3514  әскери бөлімінің  жеке құрамы әскери қайраткерге арналған тарихи-танымдық сағаттың мерейлі меймандары атанды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Курчатов  қаласындағы  орталық  кітапханада Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес одағының батыры, халық қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай «Еркін – елдің қорғаны»  атты  ақпараттық тағылымдық сағат  ұйымдастырды. «Біз – Жеңістің мұрагеріміз!»  іс-шарасы аясында жүзеге асқан тәрбиелік кеш әсіресе, мерзімді әскери  қызметшілер  үшін  ерекше  әсер қалдырды.

- Біз - Жеңістің мұрагеріміз! Ерлік жолында қар кешіп, мұз жастанған батырлардың ұрпағы болу – зор мақтаныш!  Өскелең  ұрпаққа бейбіт өмірдің ақ таңын  сыйлаған  әрбір ардагерге  айтар  алғысымыз шексіз. Осы орайда  қан майданда өлшеусіз ерлік танытқан  Сағадат Нұрмағамбетовтің  ерлікке  толы өмір   жолы әркімге болмасын үлгі-өнеге, - дейді қатардағы жауынгер Дамир Қадымбаев.

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі жайында тың ақпараттарға қанық болған сарбаздар әскери қайраткердің ұмтылмас батырға тән ерліктерімен қатар, қазақ халқына  сіңірген еңбектері жайынан да хабардар болды. Ұйымдастырушы тарап мұндай шаралардың жауынгер бойына рух дарытып, отан сүйгіштік сезімдерін одан сайын арттырады деген сенімде.  Айта кетейік, Ұлттық ұланның  Курчатов қаласындағы әскери бөлімі  мемлекет үшін аса маңызды стратегиялық аймақ қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қалтқысыз қызмет атқарып келеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -