Алматы өңірлік гарнизонының әскери қызметшілері ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады

531
Фотосурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Дәстүр бойынша, жылда мамыр айының басында әскери қызметшілер ХХ ғасырдағы сұрапыл соғыстың жеңімпаз ұрпағына құрмет көрсетеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы өңірлік гарнизонының бастығы генерал-майор Алмаз Жұмакеевтің атынан ардагерлердің үйлеріне барып құттықтап, естелік сыйлықтар табыс етілді.

99 жастағы десантшы Виктор Карпович Изюмников 1942 жылы 17 жасында майданға шақырылды. Жас жігітті Орал қаласына көшірілген Ленинградтық әскери байланыс училищесіне оқуға жіберді. 1943 жылдың маусымында курсанттар тобы оқуын аяқтағанға дейін әуе-десанттық әскерлеріне бөлінді.

Виктор Изюмников Мәскеу облысының Ступино қаласында 17-ші десанттық гвардиялық бригадаға жіберілді. Осы әскери бөлімнің құрамында ол Венгрияда, Австрияда, Вена және Чехословакиямен шекарадағы Знайме (Зноймо) қаласын алуға қатысып, Жеңісті қарсы алады. Соғыс аяқталғаннан кейін шайқаста шыңдалған жауынгер аға сержант атағын алып, радиостанция бастығы лауазымына тағайындалады.  Виктор Карпович Изюмников II дәрежелі "Отан соғысы" орденімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін" медалімен және тағы басқалармен марапатталды.

– Бұл ақсақал қазір Алматыда тұратын әуе-десанттық әскерлерінің жалғыз ардагері. Сондықтан біздер, десантшылар үшін Виктор Карпович – батылдықтың, табандылықтың және әскери борышқа адалдықтың нағыз үлгісі, – деп атап өтті Десанттық-шабуылдау әскерлері қолбасшысының орынбасары полковник Раджан Жанысов.

Виктор Карповичтің денсаулығы жақсы, ширақ және Жеңіс күні қалалық іс-шараларға қатысып, серіктестерімен кездесуді жоспарлап отыр.

Әскери қызметшілерден осындай құттықтауды Ұлы Отан соғысының қатысушысы ІІМ құрметті ардагері Сәрсенов Қамбар Әмірұлы қабыл алды. Қамбар Сәрсенов өз еркімен майданға аттанған. Барлаушы болды. Үш рет жараланған. Кеуде жарақатының бірінен кейін ол үш ай лазарет төсегіне таңылады, бірақ жазылған соң қайта майданға оралды. Ол Белоруссияда, Латвияда, Литвада ұрыс қимылдарына және Шығыс Пруссиядағы Кенигсберг қаласын алуға қатысып, Жеңіс күнін қарсы алады. Соғыстан кейін бірден Камбар Әмірұлы Польшаға одан әрі қызмет етуге жіберіледі.

Кейіннен денсаулығына байланысты, Қамбар Сәрсенов Алматыдағы ІІМ мектебін бітіріп, зейнеткерлікке шыққанға дейін осы салада жұмыс істеді. Ардагер I және II дәрежелі Отан соғысы, II және III дәрежелі Даңқ, Қызыл Жұлдыз ордендерімен, "Жауынгерлік еңбегі үшін", "Кенигсбергті алғаны үшін" және "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталған.

Әскерилер денсаулық сақтау саласының ең жас ардагері 94 жастағы Александр Степанович Журавлевті құттықтады. Ол 1943 жылы майданға шақырылып, Карельский майданына артиллерист-барлаушы ретінде жіберілді. 1944 жылы ол Украинаны азат етті, Эльба өзеніндегі шайқасқа және Берлин маңындағы қоян-қолтық ұрыстарға қатысып, көптен күткен Жеңісті қарсы алды. Соғыстан кейін Александр Степанович тағы бес жыл Будапешт пен Дағыстанда әскери қызметін жалғастырды, кейін запасқа шығып, құрылыс инженері мамандығын таңдады.

Ұлттық әскери-патриоттық орталық филиалы әскери оркестрінің сүйемелдеуімен шырқалған соғыс жылдарындағы әндер ардагерлерге бір сәт қуаныш сыйлады, Жеңіс күнін қарсы алған сонау жас кезіне оралтты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -