Алматыдағы "Мусорги": жауапсыз тұтынуға қарсы флешмоб

572
Фотосурет: Алматы әкімдігі

Ағымдағы жылдың 8 мамырында сағат 12.00-де Алматыда «Мусорги» флешмобы өтеді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Арт-жобаны 101 Dump Gallery креативті тобы ұйымдастырады. Акция экологиялық мәселелерге назар аударуға және халықты айнала қоршаған ортаны таза ұстауға ынталандыруға арналған.

Флешмоб келесі бағыттар бойынша өтеді:

  • сағат 12.00-де Панфилов көшесі бойымен Қабанбай батыр көшесінен Жібек Жолы даңғылына дейін;
  • сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін Панфилов көшесінен Абылай хан даңғылына дейін;
  • сағат 14.00-де Жібек Жолы даңғылы-Байсейітова көшесінің қиылысында мәрелік қойылым өтеді.

«Мусорги» - бейсаналық тұтынуды, ұтымсыз пайдалануды және табиғи ресурстарға жауапсыздықты білдіретін ойдан шығарылған кейіпкерлер. Мысалы, «Әуе ханшайымы» ауаның ластануын, ал «Коқыс бике Мұнайбайқызы» - Алматының көрнекі орындарын ластайтын, оның ішінде мұнай өңдеу өнімдерінен, пластик пакеттерден, бөтелкелерден және т.б. жасалған қоқысты білдіреді.

Флэшмоб аясында қала аудандарының саны бойынша барлығы 8 кейіпкер ұсынылады. Оларды жасауға экобелсенділер, суретшілер және бей-жай қарамайтын қала тұрғындары қатысты.

Флешмоб «Алматы - біздің ортақ үйіміз» науқанының аяқталуына орайластырылған және қаланың экологиясы мен орнықты дамуы жөніндегі бастамаларды қолдауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматы қаласында «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтуде. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады. Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа қала бойынша орналастырылған баннерлер, постерлер, афишалардағы арнайы QR-код арқылы кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -