Салық есептілігі Қазақстанда: мерзімдері мен ережелері

388
Фотосурет: freepik

Салық есептілігін ұсыну: нені білу маңызды?

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көптеген салық төлеушілер салық есептілігін ұсыну мерзімі аяқталғанға дейінгі соңғы күндері тапсыратынын хабарлайды, бұл жүйе мен байланыс арналарына ауыртпалық түсіреді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Осыған байланысты, ең жоғары жүктемелерді болдырмау үшін салық есептілігін алдын ала тапсыруды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 15 мамырда 1 тоқсандағы салық есептілігінің мынадай нысандарын ұсыну мерзімі аяқталады:

  •  200.00 Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық декларациясы;
  •  300,00 Қосылған құн салығы бойынша декларациясы;
  •  400,00 Акциз бойынша салық декларациясы;
  •  570,00 Экспорттық ренталық салық декларациясы;
  •  590,00 Пайдалы қазбаларды өндіруге салық декларациясы;
  •  710.00 Ойын бизнесі салығы бойынша декларациясы;
  •  860.00 Жер үсті су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем туралы декларация;
  •  870.00 Қоршаған ортаға эмиссия үшін төлем туралы декларация;
  •  880.00 Цифрлық майнинг алымы туралы декларация;
  •  101.03, 101.04 Төлем көзінен КТС есебі;
  •  913.00 Бөлшек сауда салығы бойынша арнайы салық режимі бойынша декларация.

Салық кодексінің 212-бабына сәйкес салық төлеушілер тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті қоспағанда, электрондық нысанда табыс етілген жағдайда салық есептілігін табыс ету мерзімін ұзартуға құқылы.

Мерзімді ұзарту үшін тіркеу есебінің орны бойынша Мемлекеттік кіріс органына немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына салық есептілігін табыс ету үшін Салық кодексінде белгіленген мерзім өткенге дейін уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште немесе электрондық нысанда хабарлама жіберу қажет.

Хабарламаны электрондық нысанда ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің "Салық төлеуші кабинеті" web-қосымшасы, "Электрондық үкімет" порталы арқылы жіберуге болады (egov.kz).

Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеуді қоспағанда, салық есептілігін табыс ету мерзімі кезеңге ұзартылады:

  •  корпоративтік табыс салығы немесе жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды;
  •  салықтардың өзге түрлері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны және (немесе) есепті ұсыну үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік он бес күннен аспайды;
  •  тәуекелдерді басқару жүйесі бойынша тәуекел деңгейі төмен салық төлеушілер үшін салықтың өзге түрлері, бюджетке төленетін төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен бастап күнтізбелік отыз күннен аспайды.
Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -