Әскери бөлімдердегі өткізілген «Қауіпсіз жол» айлығы

595
Фотосурет: Аягөз гарнизонының баспасөз қызметі

Аягөз гарнизоны әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесі қызметкерлері «Қауіпсіз жол» айлығы аясында гарнизондағы әскери бөлімдерде түсіндіру сабақтарын өткізді, деп хабарлайды DKNews.kz.

Аталмыш айлықтың негізгі мақсаты - әскери және жеке автокөлікте әскери қызметшілердің жол көлік оқиғалары мен әкімшілік құқық бұзушылықтарын болдырмауға бағытталған.

Айлық аясында өткізілген іс-шара барысында әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің инспекторлары әскери қызметкерлердің жеке автокөлік құжаттарын тексеріп, құқық бұзушылықты болдырмау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Айлықтың жоспарына сәйкес өткізілетін алдын алу шаралары әскери қызметшілердің көліктердің техникалық жағдайына, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға, өз өмірі мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға тиімді әсер етеді.

"Жыл сайын ұйымдастырылатын «Қауіпсіз жол» шарасының арқасында Аягөз гарнизоны бойынша жол-көлік оқиғалары мен әскери қызметшілердің құқық бұзушылықтары біршама азайып, оң нәтижелерін беруде және мұндай шаралар әлі де өз жалғасын табатын болады" Аягөз гарнизонының әскери полиция бөлімінің әскери автомобильдік полиция бөлімшесінің бастығы аға лейтенант Әбдікәрім Дәуренов

Айта кетсек, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде өтетін әртүрлі айлықтар мен түсіндіру жұмыстары әскери қызметшілердің қатысуымен болатын құқық бұзушылық оқиғаларының азаюына септігін тигізуде.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -