Алматының коммуналдық инфрақұрылымында жаңа басшы

621
Фотосурет: Almaty akimdigi

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен қаланың Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы лауазымына Дулат Ашкенов тағайындалды.

Дулат Ашкенов 1987 жылы 7 маусымда дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі.

Еңбек жолын 2008 жылы Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім маманы қызметінен бастаған.

Әр жылдары Қарағанды облысының жол-көлік инфрақұрылымы мен жолаушылар көлігін дамыту бойынша мемлекеттік құрылымдарда жұмыс істеді.

2017-2022 жылдары Астана қаласы Есіл ауданы әкімінің аппаратында жұмыс істеді, Нұр-сұлтан қаласының активтер және мемлекеттік сатып алу басқармасында басшылық лауазымдарды атқарды.

2022 жылдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -