«Аққан қан, шашылған жан, сөнген өмір»

479
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы

- Ақиқатты айқындап жариялар,
Бара жатыр азайып қариялар.
Дауыл тұрса, бүлк етіп толқымайтын,
Бара жатыр сарқылып дариялар...,-деп ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жырлағандай, ұрапағының бейбіт өмірі үшін өліммен арпалысқан ержүрек жандар сиреп барады.

Қазақстан Республикасы  Ұлттық ұланында 1 Ұлы Отан соғысының ардагері, 14 тыл және еңбек ардагері қалыпты. Жалпы еліміз бойынша   да жағдай көңіл көншітетін емес. Ұлы Жеңістің – 79 жылдығына көбісі жетпей, келместің кемесіне отырып кетті. Олар өмірден өткенімен ізгілікті істері жалғасуда, ұрпақтары жауынгерлік дәстүрге адалдық танытып, Отанды қорғау жолында еліне адал қызмет етуде. Артынан өшпес із қалдырған, ұрпағына ұлағатты тәрбие берген жан әр кезде құрметке лайық. Ал, ол адам елім деп етігімен қан кешсе, әлемге қауіп төндірген аждаһаның бетін қайтарса, онда оған деген құрмет екі еселенеді.

Бүгінгі мақаламыз   Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы 6636 әскери бөлімі взвод командирі лейтенант Мәди Бүркітбаейдың арғы атасы, Ұлы Отан соғысының ардагері  Әлдібай Қайранбаев  туралы болмақ.

- Жаралы ыңырсыған жатқан өлік,
Біреудің дене басы кеткен бөліп,
Аққан қан, шашылған жан, сөнген өмір,
Шошисың өз жаныңнан мұны көріп,- бұл сонау 1942 жылдың қан маңдайында болған оқиғаны суреттеп жазған Әділбай атамыздың өлеңдерінен үзінді.

«Бар ақын бір ананың баласы» дегендей, кейіпкеріміз де, Мұқағали ақын секілді Хантәңірінің баурайында дүниеге келіпті. Нақты айтқанда, Алматы облысы Нарынқол ауданы Шалкөде ауылында 1923 жылы тамыз айында туылған. Атадан үш ағайынды бөліп өседі. Үшеуі де соғысқа аттанып, Отан қорғауға қатысқан. Үлкені Әлхан орыс-фин соғына қатысып, «Брест» шекара бекетіне бара жатақан жолында соңғы хат жолдайды. Содан кейін, хабар-ошарсыз жоғалып кеткен. Бүгіндері туыстары аталарын іздегенмен мәлімет аз. Шамасы, соғыстың алғашқы жылдары жаудың басым күшімен шайқаста ерлікпен қаза тауып, бауырлар қорғанында жерленген. Екіншісі Дүйсенбай  Ұлы Отан соғысына қатысып, 1943 жылы жарақат алып еліне оралған. Үйдің кішісі Әлдібай 1942 жылдың 25 мамырында әскерге аттанады. Алматыдағы соғыс пойызына отырып, сұрапыл майданға аттанады. 

Алматының вокзалы. Сап түзеген сарбаздар әскери әндерді айтып пойызға жақындап келеді. Арасында кейіпкеріміз Әлдібай бар. Елмен бірге ән айтқанымен өз дауысын өзі естімейді. Ойы сол Хантәңірінің баурайындағы ауылында. Ағасы соғыста хабарсыз кетті, екінші бауыры әлі де соғыста. Ол елге орала ма, әлде оралмай ма, екі талай. Өзі де әскери форманы киіп ұзын-сонар саптың ішінде келеді. Өзі де елге аман-есен оралар, оралмасы  белгісіз. Көңілінің түбінде сөнбеген бір үміті бар. Пойызға отырар да, Алатаудың мәрмәр тастан қашалғандай биік шындарына бір қарап алады. У-ду болып жатқан жұрт. Бірі баласын, бірі досын,  бірі жолдасын майданға шығарып салып тұр. Олардың барлығы зейінге ілінбейді. «Таулардың барлығы бірі-біріне туыс деуші еді. Анау Медеудің ағарған шыны Хантәңірінен байланысы бар, тіпті нәр алушы еді. «Сау бол!». Сәлемімді ауылыма жеткіз» деген оймен вагонның ішіне кіреді. «Кемедегінің жаны бір» дегендей, өзі секілді сарбазар терезеден сыртқа қарап тұр. Пойыз жылжыда, барлығы артта қалды. Вокзалдың у-шуы басылды. Тіпті, биік болып көрінген Алатауда бара-бара жоғалып кетті.  

Маусым айында эшелон ІІ Белорусси соғыс майданы Смолнск қаласындағы 39 армияның 40 гвардиялық дивизиясына қосылады. Кейіпкеріміз аталған дивизияның жаяу әскері атқыштар ротасы сабында ұрысқа кіріседі. Мәскеуге бет алған жау әскерінің күші басым. Жау әскері басамын, жаншимын дейді, біздің әскер табандылық танытып жаншымайсың деп жан алып жан беріседі. Оқ бұршақша борауда, снарядттар жарылуда. Осындай шайқастардың бірінде кейіпкеріміз алғаш рет жарақат алады.  

Павлоский пасад қаласындағы әскери госпиталінде емделіп, сауығып шығады. Содан соң, Украина майданындағы №202 атқыштар дивизиясында Ржев қаласы үшін болған қанды қырғында тағы да екіші рет сол аяғынан жарақат алады. Псков әскери госпиталында ем алғаннан кейін, 1943 жылдың 25 наурызында Курс доғасындағы майданға жіберіледі. 215 атқыштар  дивизиясы 707 атқыштар полкінде  қатарында тарихи шақасқа қатысады.Әйгілі  Курс доғасы  шайқасының орны ерекше. Тағдыр шешіті шайқаста екі тараптың алпауыт әскері қиян-кескі шайқасқа түседі. Мыңдаған сарбаздармен бірге Әлдібай Қайранбаев та жауға қаһарын төгіп, шабуыл жасайды. Брянск пен Курс аралығындағы майданда  үшінші рет жаралы болып, контузия алады. Алдынан шыққан жау танкісіне граната лақтырып, өртеп жібереді. Жаралы жыртықыштай болған неміс машинасы орнында айналып, пулеметпен оқ ата бастайды. Екі рет оқ тигенен кейін, жерге құлап түседі. Жаралы аң айналшақтап тоңғалағымен аяғының басын басып барып тоқтайды. Ол туралы өз өлеңінде былай суреттейді: 

«Танкі де сол арада жетіп кепті,
 Гүрілдеп тажал өлім оғын септі.
 Қимылдап қалуға да бір дәрмен жоқ,
 Аяқтың басын басып өтіп кетті».

Осы ерлігі үшін ІІІ – дәрежелі Даңқ орденімен награтталған.  «Қырық жыл қырғын болса да, ажалды өледі» демекші, үш рет ауыл жарақаттанған кейін кейіпкеріміз 1944 жылы екі балдаққа сүйеніп туған ауылына оралады. Қос балдақпен жүрсе де, туған жеріне елулі еңбегін сіңіреді. Жылбұлақ ауылында, Киров атындағы колхозда бухгалтер, ферма бастығы, кейін Энгельс атындағы  колхоздың бухгалтері, кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін абыроймен атқарады. Жан жары Забыхан апа  екеуі алты баланы тәрбиелеп өсіреді. 

1996 жылы ақыл кеңнің даряисы, әлеулеттің қариясы дүниеден өтеді.  Төрт ұл мен екі қыздан немере, шөбере көрді.Ұрпақтары әр түрлі салада еліне елеулі еңбек етуде. Немересі ҚР Ұлттық ұланы төтенше жағдай салдарын жою бойынша басқарма бастығы болған  полковник Әрлен Бүркітбай Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылуына байланысты аталмыш ведомстваға ауысып кеткен. Жан жары Лаура ... көп жыл бойы Ұлттық ұлан қатарында Бас қолбасшылықтың Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар Бас басқармасында кітапхана меңгерушісі болып қызмет атқарып, құрметті еңбек демалысына шыққан. Өкінішке орай, осыдан екі жыл бұрын дүниеден өтті. Әрлен Бүркітбайұлының тұңғышы лейтенант Мәди Бүркітбай Ресейдің жоғары әскери оқу орнын аяқтағаннан кейін құқықтық тәртіп әскерінде қызмет атқаруда. 

- Мен үшін әкем Әрлен, арғы атам Әділбай әр кезде үлгі болмақ. Мен бала кезімнен әкемнің әскери қызметте жүргенін көріп өстім, өскенде офицер боламын деп өзіме мақсат қойғанмын. Әлі есімде отбасымызбен бірге мерекелік дастарханда отырғанда әкем Әділбай атаның соғыстағы ерліктері, жалпы өмір жолдары туралы айтып отыратын. Сонда көз алдымнан атамыздың қандай қиыншылықтарды басынан кешкені өтіп отыратын. Адам баласы алдына келген аждаһамен теке тіресіп, жеңіске ұмтылғаны қандай ерлік, қандай өрлек десеңізші. Мен атамыздан жалғасқан сара жолды жалғастыратын боламын. Ардақты ардагерлердің алдында бас иемін,-дейді жас офицер. 

Иә, бүгін еліміз бейбіт күнмен тыныстайды. Ол үшін Әділбай атамыз іспетті батырларға айтар алғысымыз шексіз. Немересі Отан қорғау саласында полковник шеніне дейін қол жеткізсе, шөбересі Мәди алғашқы лейтенант шенімен әскери өмір парасын ашты. Ең бастысы, үрім-бұтағы туған жеріне қызмет ету секілді аталарының ізгі істерін жалғастыруда. 

Подполковник  Дарын СЕЙІТОВ    

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -