Су тасқынынан зардап шеккендерге салық есептілігінің барлық нысандары бойынша тапсыру мерзімі ұзартылды

1535
Фотосурет: ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі

ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті соңғы мәліметтер бойынша, әкімдіктер мемлекеттік кірістер органдарына су тасқынынан зардап шеккен 6 018 салық төлеушінің тізімін ұсынғанын хабарлайды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Оның ішінде 91 салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 315 млн. теңгеге шоттарға тыйым салу түріндегі мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары жойылды және кейінге қалдыру берілді.

Сонымен қатар, МКК су тасқынынан зардап шеккендердің қаржылық есептілігі бойынша кейстер автоматты түрде өңделетінін хабарлайды. Салық есептілігі нысандарын тапсыру мәселелері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына жүгінудің қажеті жоқ.  МКК су тасқынынан зардап шеккен салық төлеушілердің осы санаты бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігінің барлық нысандары бойынша тапсыру мерзімі 2024 жылғы 1 шілдеге ұзартылғанын атап өтеді.

Тиісінше, салық есептілігін ұсынбағаны туралы хабарлама беру жөніндегі шаралар 2024 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылмайды. Салық төлеушілердің тізімдерін әкімдіктер қалыптастырады және олардың жаңартылуына қарай мемлекеттік кірістер органдарына береді.

«Қазақстан Республикасының өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккен адамдар үшін салықтық әкімшілендіруді реттеудің өзге тәртібін белгілеу туралы» ҚР Қаржы министрінің № 219 бұйрығы 2024 жылғы 17 сәуірде бекітілді және жергілікті атқарушы органдар зардап шеккендердің тізіміне енгізген салық төлеушілер үшін мынадай қолдау шаралары:

  • төлеу мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, барлық салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, сондай-ақ әлеуметтік төлемдер бойынша төлеуді кейінге қалдыру;
  • 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын салық есептілігін тапсыру мерзімін ауыстыру;
  • мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету және салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдауды тоқтата тұру;
  • орындау мерзімі 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 30 маусымға дейінгі кезеңде басталатын, камералдық бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік кірістер органдары анықтаған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындау мерзімін ұзарту;
  • салықтық тексерулерді (кешенді, тақырыптық, қарсы, хронометраждық зерттеп-қарау) тоқтата тұру, бұл ретте тоқтата тұру мерзімі тексеру және талап қою мерзіміне кірмейді; сондай-ақ зардап шеккен адамдарға қатысты жаңа салықтық тексерулерді тоқтата тұру және тағайындау көзделген;
  • мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелері бойынша 2024 жылғы 1 наурыздан бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін өсімпұл есептеуді жою көзделген.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілді және 2024 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -