Ақмола облысының әкімі Ұлттық ұлан әскери бөлімінде болды

859
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

6 мамыр күні Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов Көкшетау қаласындағы 5510 әскери бөліміне іс-сапармен барды, деп хабарлайды DKNews.kz.

Халық қалаулысын Орталық өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы генерал-майор Сакентай Амантайұлы Шекарбеков жеке қарсы алды.

​​​​​​​Сапар кезінде Марат Мұратұлына әскери бөлімнің қару-жарағы, әскери техникасы паш етіліп, арнайы жасақ құрамына құрылған модульді ғимараты көрсетілді. Кездесу барысында аймақ басшысы әскери бөлімнің бүгінгі күнге дейін атқарылып келген ерең еңбегін ескере отырып, сәуір айында елімізде орын алған су тасқынына аса назарымен тоқталып, күні түні қызметте болған жеке құрамға өз алғысын білдірді.

Шара барысында Сакентай Амантайұлы әкімге өңірлердегі өзге құрылымдармен бірлесіп атқарылған жұмыс жайлы баяндап, жеке құрамның қандай жағдайға болсын жоғары жауынгерлік дайындықта болатынын жеткізді.

Іс-сапар соңы Ұлы Жеңіс күні мен Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты шарамен ұласты.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -