Елорда ҚХА өкілдері соғыс ардагерлерін - тыл еңбеккерлерін құттықтады

777
Фотосурет: Астана әкімдігі

Жеңіс күні қарсаңында елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске елеулі үлес қосқан тыл еңбеккерлеріне өздерінің зор алғыстары мен құрметін көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

ҚХА мүшесі, Астана Ассамблеясы жанындағы кәсіпкерлер одағының төрағасы Фарангиз Шәріпова 9 мамыр барлық адамдар үшін маңызды күн екенін атап өтті, деп хабарлайды DKNews.kz.

«Бұл – бәріміз үшін мереке. Қазақстан халқы Ассамблеясы біздің құрметті ардагерлерімізді ешқашан назардан тыс қалдырмайды. Елордада тыл еңбеккерлері тұрады, оларды жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында құттықтаймыз. Биыл ардагерлерге азық-түлік себеттері мен сыйлықтардан басқа мерейтойлық медаль табыстадық. Ардагерлер бізді әрқашан қуана қарсы алады және өткеннің қызықты оқиғаларын айтады. Олардың арқасында біз бейбіт мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, ал балаларымыз олардың ұлы ерліктерінің тарихын құрметтейді және ешқашан ұмытпайды», - деді Фарангиз Шәріпова.

Қарттарды осы маңызды мерекемен құттықтай отырып, қалалық ҚХА өкілдері ризашылықтарын білдіріп, оларға азық-түлік жиынтықтарын таратып, гүл шоқтарын табыс етті.Барлығы 15 себет таратылды.

Айта кетейік, бұл бастама Ұлы Жеңіске зор үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің еңбегі мен ерлігінің құрмет көрсетудің символына айналды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -