Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккендер жаңа үйлерге көшуде

1066
Фотосурет: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданында табиғи апаттан үйі бұзылған отбасылар демеушілер есебінен баспаналы болуда, деп хабарлайды DKNews.kz.

 

Өткен аптада алғашқы 5 үй сатып алынса, енді 17 отбасының жаңа қонысқа көшу мүмкіндігі қарастырылуда. 

Ауданға жұмыс сапары барысында Асхат Шахаров тасқыннан зардап шеккен жас отбасы Берген Архабай мен Гүларай Төреғалиқызының жаңа үйіне кіріп шықты. Құтты болсын айтып, ақжарма тілегін білдірді.

 

«Өңірімізде су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау мақсатында барлық іс-шара, құрған жоспарымызды орындауды бастап кеттік. Кейбір тұрғындар үшін жаңа үй салып береміз, енді бірі сіздер секілді екінші нарықтағы баспана алады. Дайын үйді сатып алу  - тиімді механизм. Облыста алғаш болып, бұзылған үйдің орнына үй алған өздеріңіз. Бағалау компаниясына ұсынылған тұрғын үйлер тексерілсе, басқа да жерлестеріңіз үйлі болады», - деді аймақ басшысы. 

Берген Архабайдың бұған дейінгі жылжымайтын мүлкі жарамсыз. Дайын үй сатып алу туралы тетікті естігенде, бірден үй іздепті. «Болат Өтемұратов қоры» қаржыландырған үш бөлмелі баспана - Темірбек Жүргенов ауылында. 

Айта кетейік, Әйтеке би ауданының материалдық залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссиясына 133 өтініш келіп түскен. Апатты деп танылған 46 үйдің 24-і жаңадан салынады.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

«DKNews» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKNews» © 2006 -