Нұр-Сұлтан мен Ташкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

668



Өзбекстан Республикасының астанасында қазақстандық медицина күндері аясында Нұр-Сұлтан мен Ташкент қалаларының денсаулық сақтау басқармалары арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

21 қарашада Өзбекстан Республикасының астанасында қазақстандық медицина күндері басталды.

Форум жұмысына Нұр-Сұлтан қаласынан келген ресми делегация, атап айтқанда қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мен елордалық ұйымдардың басшылары қатысуда.

Сонымен қатар, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен Ташкент қаласының Бас Денсаулық сақтау басқармасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Форум алаңында қазақстандық медицина жетістіктері мен ІТ-технологиялар көрмесі өтіп жатыр.

Көрмеде №2 қалалық көп бейінді аурухана, №1 қалалық көп бейінді балалар ауруханасы, №2 қалалық көп бейінді балалар ауруханасы және №3 перинаталдық орталық сияқты елордалық медициналық ұйымдар өз жетістіктерін паш етті.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -