«Astana LRT» қатысты істі тергеу барысы туралы

755



ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2-департаментінің басшысы Сергей Перов арнайы брифингте «Astana LRT» қатысты істі тергеу барысы туралы тың мәліметтермен бөлісті.

«Жемқорлыққа қарсы Агенттік «LRT» құрылысы кезіндегі қаржы ұрлығы дерегі жөнінде қозғалған қылмыстық іс бойынша тергеу аяқтауға жақын. Тергеу Астана қаласы әкімдігінің, Астана LRT-ның лауазымды тұлғалары және жеке компаниялардың директорлары қатысты болған миллиарддаған қаржы ұрлау жүйесін анықтады», - деді С. Перов.

Қылмыстық жүйені Астана қаласының әкімі К.Сұлтанбеков және Астана LRT басшысы Т.Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың көмегімен ұйымдастырған.

Осы лауазымды тұлғалар әкімдік басқармаларының басшылары Р.Аманжолов, Ж.Нұрпейісовтың қатысуымен шығындарды 24 млрд. теңгеге астам бекіткен.

Бұл қаржыға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, кеңесшілік қызметтерді көрсету және техникалық бақылау шығындары кірген.

Спикердің мәліметінше, өз кезегінде мердігерлік ұйымның директорлары қосалқы мердігерлік компаниялармен артық бағада жалған мәмілелер жасап, қаржыны жалған кәсіпорындар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырған. 

Нәтижесінде мемлекетке 5 млрд. теңгеден артық соммаға шығын келтірілді. 

Іс бойынша әкімдіктің 5 лауазымды тұлғасы (басшылық құрамынан) және мердігер ұйымдардың 6 басшысы жауапқа тартылуда. 

Олардың ішінде 5 күдікті күзетке ұстауға алынған, 3 адам қамауға алу бұлтартпау шарасымен халықаралық іздеуге берілген. 

Тергеу барысында 3 адам өз кінәсін мойындады, сәйкесінше оларға қатысты қамауға алу қолданылмады. 

Осы айдың соңына дейін жоғарыда аталған фактілер бойынша тергеудің аяқталуы туралы хабарлау жоспарлануда. 

LRT желісінің соңғы кезеңінің құрылысы  және қаржы құралдарының Астана Банкінде орналастыру бойынша Ұлттық банктің және құрылыс сараптамасының қорытындысы күтілуде. 

Сөз соңында Сергей Перов күдіктілердің кінәлілігі туралы соңғы шешімді соттың шығаратынын айтты. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -