Димаш Құдайберген – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері!

3650



Әнімен әлем елдерін сүйсіндірген, күні кеше ғана Америка аспанын қазақ әндерімен тербеген Димаш Құдайберген елге оралған бойда Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері атанды деп хабарлайды dimashnews.com тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген жоғары мемлекеттік награданы әншіге Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова салтанатты жағдайда табыс етті.

Осы рәсімде министр жас әншінің бүкіл әлемде отандық мәдениеттің дамуына және танымал болуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.

Әлеуметтік желілерде Димаштың бұл марапатқа әбден лайық екендігі жайында көптеп жазылуда. «Ол кез-келген наградаға лайық», «Оған Батыр берілуі керек», «Біздің алтынымыз, біз сені мақтан тұтамыз, сіз барлық марапаттарға лайықсыз», «Сізді Құдай қолдасын», деп жазады әлеуметтік желі қолданушылары мен жанкүйерлері.

Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева қазіргі уақытта АҚШ-тағы Нью-Йоркте өткен концерттен кейін Нұр-Сұлтанға ұшып келе жатыр. Сүйіншілі жаңалықты естіген ол Dimashnews порталының редакциясына хабарласып, өзінің ұлымен мақтанатынын, жетістіктеріне қуанатынын айтты. «Мен бұл жаңалыққа өте қуаныштымын және Димаштың осы марапатқа, осы атаққа лайық екеніне сенімдімін. Бұл біз үшін үлкен мәртебе! Біз Қазақстан Республикасының Президентіне және барлық жанкүйерлерге алғыс айтамыз!», деді әншінің анасы.

Еске салсақ, жақында Нью-Йоркте алғаш рет Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өткен болатын. Қазақстандық жұлдыздың кешіне әлемнің 63 елінен және Американың 41 штатынан жанкүйерлер жиналды.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -