Қазақстанда сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін анықтау бойынша Жалпыұлттық әлеуметтік сауалнама басталды

1559



2019 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен және «Талап» орталығының қолдауымен бүкіл ел бойынша кең ауқымды сауалнама басталды.

Бұл туралы бүгінгі баспасөз мәслихатында «Адалдық алаңы» республикалық жобалық кеңсесінің жетекшісі Мирас Қарғабай мен «Талап» орталығының сарапшысы Әлия Оразғалиева айтты.

«Антикор сауалнамасы аясында халық арасында сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейін, сондай-ақ халықтың қандай бөлігі қандай да бір Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға қатысуға дайын екенін анықтайды», - деді өз сөзінде Мирас Қарғабай.

«Бұл сауалнаманы Қазақстанның кез келген 17 аймағында тұратын 18 және одан жоғары жастағы кез келген қазақстандық өте алады. Ол үшін телефоныңызға «TALAP.Сауалнамалар» мобильді қосымшасын жүктеп алып, авторизацияның күрделі емес процесінен өтіп, сауалнаманы «сауалнамалар» қосымша бетінде толтыру қажет», - деп түсіндірді Ә.Оразғалиева.

Сауалнама тікелей, жанама және ситуациялық сұрақтардан тұрады, онда респондент бір немесе бірнеше жауаптарды таңдау, елдегі сыбайлас жемқорлыққа қатысты өз пікірін білдіру, қандай да бір жағдайда қалай істеу керектігін таңдау, парасаттылық мәселесінде өзінің құндылық бағдарларын көрсету және елдегі сыбайлас жемқорлықты тежеу бойынша мемлекеттің қызметін бағалай алады.

Жауаптар сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жетілдіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды өткізу бойынша шешімдер қабылдау кезінде пайдаланылатын есептің негізіне жатады.

Сонымен қатар, бұл зерттеу Агенттіктің Сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі бойынша Transparency International сияқты Қазақстан индекстелетін, жүргізілетін халықаралық зерттеулерден алынған деректер ғана емес, сондай-ақ өзінің балама зерттеу деректері де болуы үшін де жүргізіледі, халықтың сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейі мен сыбайлас жемқорлықтың нақты бар деңгейі арасындағы қазіргі жағдайдың қандай екенін көбірек түсіну үшін, сондай-ақ өз қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу және елдегі халықтың сыбайлас жемқорлықты қабылдау деңгейінің өзгеру динамикасын қадағалауға мүмкіндік береді.

«Сауалнама анонимді түрде жүргізіледі, қорытынды есепте ұсынылған барлық деректер жалпылама, деперсонифицирленген түрде ұсынылады, осыған байланысты барлық тілек білдірушілерді осы зерттеуге қатысуға және өзінің белсенді азаматтық ұстанымын көрсетуге шақырамыз!», - деп сөзін қорытты Мирас Қарғабай.

Сауалнама нәтижелері жақын арада қалың жұртшылыққа жария етіледі.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -