Елордада гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы акция өтуде

1067



Ағымдағы жылдың 25 қарашасы мен 10 желтоқсан аралығында жұртшылық аралығында мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн белсенді іс-әрекеті!» ақпараттық акциясы өткізілуде, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Қазақстандағы «БҰҰ әйелдері» ұйымы ұйымдастырды.

Іс-шараның негізгі мақсаты - зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психологиялық, құқықтық көмек көрсету, отбасы құндылықтарын арттыру, зорлық-зомбылық құрбандарын оңалту бойынша қызмет көрсету, бұқаралық ақпарат құралдарында сенім телефондары және дағдарыс орталықтары туралы хабардар ету, сонымен қатар халық арасында құқықтық түсіндіру жұмысын өткізу, тұрмыстық қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың  алдын-алу болып табылады.

Жыл басынан бері бөлімшенің сенім телефонына 400-ге жуық әйел өтініш білдірді. Көп жағдайда олардың оқиғалары ұқсас болып келеді. Олар негізінен заңды және азаматтық жұбайларынан, бұрынғы жұбайларынан немесе жақын адамдарынан, алаяқтардан зардап шеккен әйелдер. Әрбір жағдайды қарастырылып, оларға психологиялық, моральдық, құқықтық көмек көрсетіледі.

Бүгінде елордада әкімдікке қарасты зорлық-зомбылықтың кесірінен қиын жағдайға тап болған тұлғаларға арналған «Үміт» дағдарыс орталығы (тәулік бойы сенім телефоны 49-78-89) жұмыс істейді. Сондай-ақ, әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының сенім телефоны 71-60-63 (жұмыс күндері жұмыс уақытында жұмыс істейді) интернет желісінде, Нұр-Сұлтан қ. ПД-нің веб-сайтында, сонымен қатар, 2ГИС (қалалар карталарымен электрондық анықтамалар) көрсетілген.

Сонымен қатар, республика бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін 1409 нөмірі бойынша тегін заңгерлік, психологиялық кеңес беру бойынша Call орталықтары және жыныстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдер үшін 150 нөмірі бойынша Call орталықтары жұмыс істейтінін атап өткен жөн.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -