Бакуда ШОБ саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

410



2019 жылғы 27 қарашада Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Әзербайжан Республикасы Шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі Агенттігінің Басқарма Төрағасы Орхан Мамедовпен кездесті. Кездесу барысында тараптар елдер арасындағы сауда қатынастарының оң динамикасын, шағын және орта бизнес саласындағы ынтымақтастықты арттыру үшін бар әлеуетін атап өтіп, сондай-ақ жақын арадағы перспективаға бірлескен жұмыс жоспарларын белгіледі. Сонымен қатар, О.Мамедовтің ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанға сапары аясында қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы, Қазақстан мен Әзербайжан нарықтарында экспорттық өнімдерді ілгерілету мақсатында нақты іс-шаралар мен бірлескен жобалар талқыланды. 

Сонымен қатар, Қазақстан Елшісі сұхбаттасушыны тікелей және транзиттік жолаушылар ағымын арттыруға, сондай-ақ елдің туристік әлеуетін дамытуға мүмкіндік беретін Қазақстанның 11 әуежайларында "ашық аспан" тәртібі енгізілгенін ақпараттандырды.  

Өз кезегінде Төраға О.Мамедов Агенттіктің қызметі мен жұмыс қағидаттары, алдағы жоспарлары және Әзербайжанның кәсіпкерлерін қолдау бойынша енгізіліп жатқан тетіктері туралы толықтай таныстырды. Сондай-ақ, О.Мамедов Әзербайжанның өкілетті делегациясының "Ulttyq Onim-2020" (Нұр-сұлтан қаласы) өтетін ұлттық өнім көрмесіне Ұлттық стендінің ұйымдастыруымен қатысуын растады. 

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -