«Delta Bank» АҚ салымшыларына агент банкі арқылы төлем жалғасады

12551



«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - ҚДКБҚ) «Delta Bank» АҚ салымшыларына өтем төлейтін «БанкЦентрКредит» АҚ агент банкімен келісімнің қолданылу мерзімін жарты жылға ұзарту туралы шешім қабылдады. «Delta Bank» АҚ салымшыларының агент банкке 2020 жылғы 21 мамырына дейін қоса алғанда кепілдік берілген өтемді алу үшін жүгінуге мүмкіндігі бар.

Агент банк арқылы «Delta Bank» АҚ салымшыларына кепілдік берілген өтемді төлеу 2018 жылдың 17 мамырынан бастап жүргізіледі. Осы кезең ішінде салымшыларға жалпы сомасы 90,1 миллион теңгеге өтем төленді, бұл ҚДКБҚ міндеттемелері жалпы сомасының 45% құрайды. 269 салымшы өтем алып үлгерді, бұл салымшылар жалпы санының 10% -н құрайды.

ҚДКБҚ осы жылы агент банкпен келісімді ұзартқан болатын. «Delta Bank» АҚ-ң тарату комиссиясы және ҚДКБҚ колл-орталығы өтем алуға құқығы бар барлық салымшыларға қоңырау шалып өтем алуға шақырды. Жалпы тізімдегі 528 адамға ғана қоңырау шалынды, қалған салымшыларда байланыс нөмірлері туралы ақпарат ескірген немесе ақпарат жоқ. Қазіргі уақытта ҚДКБҚ «Delta Bank» АҚ салымшыларының деректер базасын өзектендіруді жүргізеді, одан кейін қайта қоңырау шалу жүргізілетін болады. ҚДКБҚ жүгінген салымшыларға кепілдік берілген өтем сомасына төлем үлесін ұлғайтуға ниетті.

«Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкі өз тарапынан «Delta Bank» АҚ салымшылары үшін агент банкте салым ашу бойынша опция қолжетімді болатын салымшылардың өз бөлімшелерінде кепілдік берілген өтемді төлеу мүмкіндігі туралы хабардар етеді. «Банк ЦентрКредит» АҚ агент банкі ретінде таңдап алынған себептердің бірі - барлық салымшылар қай жерде тұрғанына қарамастан, өз қаласындағы агент банк бөлімшесіне төлем жасау үшін жүгінуге ҚР бүкіл аумағында дамыған филиал желісінің болуы. 

Агент банкі арқылы кепілдік берілген өтемді төлеу мерзімі өткеннен кейін салымшылар тікелей ҚДКБҚ-ға жүгіне алады. Мұны Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында жасауға болады. Басқа аймақтарда тұратын барлық адамдар өздерінің төлем жөніндегі өтініштерін және нотариалды куәландырылған құжаттарды пошта арқылы жібере алады, алайда бұл қосымша шығындарды талап етеді. Бұған жол бермеу үшін ҚДКБҚ «Delta Bank» АҚ-ның барлық салымшыларына «Банк ЦентрКредит» АҚ бөлімшелеріне кепілдік берілген өтемді төлеу үшін жүгінуге кеңес береді, бөлімшелердің жұмысы туралы ақпаратты нақтылауға 505 (ұялы телефоннан тегін), 8 (727) 244 30 30  нөмірі бойынша, www.bcc.kz болады.

Агент банкі «Delta Bank» АҚ-да орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша ҚДКБҚ қаражаты есебінен және атынан, оның ішінде капиталдандырылған сыйақыны ескере отырып салымдар, ағымдағы шоттар және төлем карточкалары бойынша өтем төлейді. Кепілдік мөлшері:

  • 10 миллион теңгеге дейін-ұлттық валютадағы депозиттер бойынша,
  • 5 миллион теңгеге дейін қоса алғанда-шетел валютасындағы депозиттер бойынша құрайды.

Кепілдік берілген өтемді алуға «Delta Bank» АҚ-ң клиенттері - жеке тұлғалар және дара кәсіпкерлер құқылы. Салымшылар өтінішті жеке өзі немесе сенімді тұлға арқылы тапсыра алады. Жеке өтініш берген кезде салымшы белгіленген нысан бойынша өтем төлеуге өтініштің және жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасының болуы қажет. Нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда сенім білдірілген тұлға арқылы өтініш жасауға жол беріледі.

Салымшыларға кепілдік берілген өтемді төлеу ұлттық валютада жүргізіледі: кассадағы қолма-қол төлеммен немесе деректемелері өтем төлеуге арналған өтініште көрсетілетін өтініш берушінің банктік шотына қолма-қол ақшасыз аударыммен.

Шетел валютасындағы депозиттер бойынша кепілдік берілген өтемді есептеу үшін қатысушы банкті мәжбүрлеп тарату туралы сот шешімі заңды күшіне енген күнге белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы пайдаланылады.


фото: 2gis.com

Международное информационное агентство «DKnews.kz» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKnews.kz» © 2006 -