ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталықтың қызметкерлері үшін "ЕАЭО және ҚР кедендік заңнамасын түсіндіру" тақырыбы бойынша күндізгі семинар өткізілді

1204



2020 жылдың 3-7 ақпан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы және ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталықтың қызметкерлері үшін "ЕАЭО және ҚР кедендік заңнамасын түсіндіру" тақырыбы бойынша күндізгі семинар өткізілді.

Ахуалдық орталықтың негізгі атқаратын қызметі мемлекеттік кірістер құрылымдық органдарының кедендік операцияларды өткізуді мониторингтау болып табылады; Инспекциялық тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) бейнесуреттерін талдау; ИТК қолдану арқылы көлік құралдарына техникалық сканерлеу жүргізуді мониторингтау және ИТК бейнесуреттерін талдау негізінде кедендік тексеруді жүргізу туралы шешім қабылдау; өткізу пункттерінде кедендік тексерулерді жүргізу бейнежазбаларын мониторингтау.

Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик  Биекенов атқарды. 

Семинарға тыңдаушылар ретінде ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталығы басқармасының   қызметкерлері қатысты.

Дәріскерлер ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ, бойынша «Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің кәсіби қызметіндегі әлеуметтік-психологиялық тәжірибелік мінез-құлық негіздері» тақырыбы бойынша дәріскер ретінде профессор, психология ғылымдарының докторы Лейла Асылбекова шақырылды.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -