Жазушылар Алматы әкімінің гранттарын алды

879



Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қазақстан Жазушылар одағының мүшелерімен кездесті.

Кездесу барысында шығармашылық кәсіптің 60 өкілі әкім гранттарының иегерлері атанды. Бұрындары гранттарды 90 жазушы, ақын және әдеби сыншылар алған болатын.

Әкім гранттары жас жазушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға қолдау көрсету және қалыптасқан сөз зергерлерін атап өту жөніндегі игі шаралардың бірі болып табылады.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өскелең ұрпақты Отанға, туған қаласына деген патриотизм мен сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуде шығармашыл зиялы қауымның маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде кітап шығаруда, Жазушылар үйін жөндеуде, шығармашылық конкурстарды өткізуде қаланың тиісті қолдау көрсететінін атап өтті.

Өз кезегінде жазушылар мен ақындар келер жылы Абай мен әл-Фарабидің құрметіне өтетін мерейлі шаралардың, сонымен қатар Алтын Орданың 750 жылдығын атап өтудің контентін қалыптастыруға өз үлестерін қоса алады.








Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -