Алматы әкімі Б. Сағынтаев Бостандық ауданының тұрғындарымен «еркін микрофон» форматында екінші рет кездесу өткізді

397



Кездесулер «еститін мемлекет» концепциясын жүзеге асыру аясында өтуде, бұл жүздесулердің мақсаты жинақталған өзекті проблемаларды тиімді шешу үшін тұрғындармен кері байланысты нығайту. Қала әкімі соңғы алты айдың ішінде әр ауданда екі реттен болып, осындай 16 кездесулер өткізді.

Ағымдағы жылдың тамыз айында қаланың барлық аудандарында өткен кездесулердің алғашқы желісіне 3,5 мың қалалықтар қатысып, шамамен 880 сұрақ қойылған болатын. Айта кетерлігі, 123 сұраққа кездесу кезінде тікелей жауап берілді. Практикалық және ұйымдастыру шараларын қажет ететін 756 сұрақ бойынша әр ауданда іс-қимыл жоспарлары жасалды. Олардың нәтижесі бойынша қалалықтар сұрақтардың 40%-ға жуығына қанағаттанды, ал қалған 40%-дан астам сұрақтарға түсіндірме берілді. Қойылған сауалдардың 20%-ы уақытты қажет етеді. Өйткені, олар сумен қамтуға, жол жөндеуге, абаттандыруға, проблемалы жер телімдерін тіркеуге қатысты.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев ағымдағы жылдың 22 қарашасынан бастап барлық сегіз аудан тұрғындарымен кездесудің екінші желісін бастаған еді, оған 3,8 мың қала тұрғыны қатысты. 460-тан астам алматылық 785-тен астам сұрақ қойды. Кездесулер қорытындысы бойынша айтылған проблемаларды шешу үшін іс-шаралар жоспары бекітіледі.

Абаттандыру, коммуналдық және инфрақұрылым мәселелері шешілуде. Тұрғындардың өтініштері арқасында қала бюджетінің тармақтары қайта қаралды, сыртқы жарық желілерінің қондырғыларына қаржы бөлінді. Бұл жұмысты аяқтау келер жылға жоспарланған. Таяудағы екі жыл ішінде қалаға қосылған елді мекендер тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету, жүздеген шақырым жаңа жолдар салу, аулаларды абаттандыру міндеттері орындалатын болады.

Биылғы жылдың 28 тамызында Бостандық ауданында өткен алғашқы кездесуге 600 тұрғын қатысып, 74 адам шамамен 120 сұрақ қойған еді. Олар негізінен ТКШ, көлік инфрақұрылымына, абаттандыруға, әлеуметтік салаға, құқықтық тәртіпке қатысты болды. Бүгінгі кездесуге ауданның 500-ден астам тұрғыны қатысты. Әртүрлі сауалдар мен проблемалар көтерілді, олардың барлығы ПИК-тердің жұмысын, жолдағы жағдайларды, хайуанаттарды қорғауды сөз етті.

Бұрын айтылған проблемалардың қалай шешілгендігі туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов баяндады. Нұрлытау, Ерменсай, Нұр Алатау, Ақтөбе ықшамаудандарында 2,8 мыңнан астам үй бар, бұларда 15 мыңнан астам адам тұрады, ал оларды таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде тәулігіне 9 мың текше метр су шығаратын су торабын салудың ЖСҚ әзірленуде.

Көкшоқы ықшамауданында биылғы жылы 2,8 ш.м су құбыры мен 3,7 ш. м кәріз желісі тартылды, соның арқасында аталған елді мекен ауыз сумен тұрақты қамтамасыз етілуде.

Ауданда қыркүйек-қараша айлары аралығында 53 көшеге 22 шаршы метр сыртқы жарық желілері тартылды. 60 аула абаттандырылды. Келер жылы ұзындығы 192,5 шаршы метр болатын 154 көшені жарықтандыру жоспарланған.

Медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін Алматы онкологиялық орталығы ғимараты жанынан заманауи медициналық қондырғылармен жабдықталған қосалқы нысанның құрылысы аяқталды, мұнда стационар мен радиологиялық зертхана орналасқан. Сонымен қатар, қалалық психикалық денсаулық орталығы жанынан 150 орынды қосалқы нысан пайдалануға берілді. Медициналық қызметтің қадамдық жақындығын қамтамасыз ету үшін екі дәрігерлік амбулатория ашылды. Алдағы 2020 жылдың бірінші тоқсанында «Атамекен», «Сакура» ТК дәрігерлік амбулатория ашу жоспарланған.

Бүгінгі кездесуде «Атакент» іскерлік-ынтымақтастық орталығы маңында көлік қозғалысын ашу жөнінде өтініш айтылды, Б. Сағынтаев «Атакенттің» бастапқы мәні сауда емес екенін түсіндірді. Көрмелерден өзге мұнда қала тұрғындары жақсы демалады. Сондықтан аталған аумақта көлік қозғалысын ашу қарастырылмайды. Қала әкімі Тимирязев көшесіндегі БРТ желісіне қатысты талқылауға да соңғы нүктені қойды, БРТ қайта жасау және алып тастау жоспарда жоқ.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев бүгінгі кездесуді қорытындылай келіп, аудан тұрғындары көтерген көптеген сауалдарды «Бюджетке қатысу» жобасы аясында шешуге болатындығын атап өтті. Бостандық ауданының тұрғындары жалпы құны бір миллиард теңге болатын жобаларды ұсынды, олардың ішінде 100 миллион теңгенің ұсыныстары бекітілді. Айта кетерлігі, әр ауданға 500 миллион теңгеден бөлінеді.

«Белсенділік танытыңыздар, сіздердің ұсыныстарыңыз бен ескертпелеріңіз бізге қаланың нақтылы көрінісін білуге әрі күнделікті проблемаларды жедел шешуге, сонымен қатар күрделі мәселелерді жүзеге асыру үшін жоспарды түзетуге көмектеседі», - деп қорытындылады сөзін Бақытжан Сағынтаев.









Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -