Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу өңірдің инвестициялық ахуалын жақсартады

724



ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев жұмыс сапарымен Атырау облысына барып, өңірдің бірқатар іс-шараларына қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтың қатысуымен ел Президенті жариялаған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын орындау мақсатында "Antikor ortalygy"сервистік орталығын ашты. 

Азаматтарды кедергісіз және жедел қабылдау үшін ашылған сервистік орталықтар жұртшылықпен диалог алаңының рөлін атқарады.

Оpen-space және фронт-офис жұмысының тиімді үйлесімі азаматтарға құқықтық көмек пен құқықтық қызметтерді сапалы көрсетуге, мемлекет пен қоғам арасындағы қашықтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Осылайша мемлекеттік аппараттың қоғамға ашықтығы мен есеп беруін қамтамасыз етеді.

Сервистік орталықты аралау барысында Агенттік Төрағасы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, онда сөз сөйлеген қоғам қайраткерлері мен ҮЕҰ басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат саласында жүргізіліп жатқан Агенттіктің бастамаларына қолдау білдірді. Сондай-ақ, Агенттіктің Атырау облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне пәтер кілттерін табыстады.

Агенттік Төрағасының одан әрі сапары Атырау облысы әкімінің аппаратында жалғасты, онда "Адалдық дүкендері" ашылды.

Бүгінгі таңда өңірде өзіне-өзі қызмет көрсету қағидаты бойынша жұмыс істейтін 190-ға жуық адалдық дүкені бар, оның 3-еуі ЖОО-да, 20-ы колледждерде, 167-і мектепте орналасқан.

Бұдан әрі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы аудан және қала әкімдері, барлық деңгейдегі мәслихат хатшылары, депутаттар, аудандық арнайы мониториг топтары мен "Adaldyq Alany" басшылары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ҮЕҰ, БАҚ өкілдері қатысқан кездесу өткізді.

Облыс әкімі М. Досмұхамбетов өңірде нақты міндет қойылғанын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмыстар айтарлықтай жанданғанын атап өтті.

Өз кезегінде, А. Шпекбаев Атырау өңірінің отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестиция тартудағы ерекшелігі мен маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, барлық мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың басшыларын кәсіби, тиімді және сыбайлас жемқорлықтан таза мемлекеттік аппаратты қалыптастыру бойынша жұмысты күшейтуге шақырды.

Агенттік төрағасы жұмыс сапарының жалғасы ретінде облыстың инвестициялық ахуалын талқылау үшін PBI жобасы (Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қолдау жобасы) аясында кәсіпкерлер форумына қатысты. Іс-шараға уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері, "Атамекен" ҰКП өңірлік филиалдары мен "Қазақинвест" ҰК "АҚ," Шеврон МұнайГазИнк"," Caspian Offshore Construction Realty " және т.б. басшылары қатысты.

Қазіргі уақытта PBI жобасы аясында Атырау облысы бойынша департамент 13 кәсіпкерлермен 171 млн.теңгеден астам сомаға келісімге қол қойды. Инвесторлар үшін жалғыз шарт - инвестициялық жобадағы сыбайлас жемқорлықты құраушылардан жүз пайыз бас тарту және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеу.

"Сіздердің белсенділіктеріңіз бен біздің жедел әрекетіміздің арқасында сыбайлас жемқорлық алғышарттары жойылады, ал кінәлілер әділ жазаға тартылады. Осылайша, сыбайлас жемқорлықтан таза аумақтарды кеңейту және парасаттылық қағидаттарын енгізу бойынша мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру үшін алғышарттар жасалады. Жалғыз ғана шарт -бизнесті адал жүргізу. Сондықтан менің келуімнің мақсаты - проблемалық мәселелерді талқылау және оларды шешу", - деді Агенттік Төрағасы.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -