Париж Нұр-Сұлтанмен стратегиялық серіктестікті нығайтуды көздеуде

546



Ү.ж. 22 қарашада Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Ғалиев Францияның Еуропа және сыртқы істер министрлігінің континентальды Еуропа департаментінің директоры Фредерик Мондолонимен кездесті.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру жолдарын талқылады.

ҚР Елшісі экономикалық дипломатияның қазіргі басымдықтары туралы және барлық негізгі бағыттар бойынша екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту бойынша ортақ жоспарлармен бөлісті.

Ү.ж. 28-29 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында өтетін қазақстан-француз іскерлік кеңесінің алдағы отырысы аясында экономикалық саладағы ынтымақтастықты және нақты жобаларды іске асырудағы практикалық қадамдар қаралды.

Өз кезегінде Ф.Мондолони Францияның Қазақстанмен және Орталық Азияның басқа елдерімен байланыстарды нығайтуға баса назар аударатындығын қуаттады және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аймақтық интеграция идеясын алға жылжытудағы рөлі мен белсенді ұстанымын ерекше атап өтті.

Сондай-ақ көпжақты халықаралық іс-шаралардың күнтізбесі және алдағы кезеңге жоспарланған өзара сапарлар кестесі талқыланды. Жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қазақстан-француз қатынастарының оң динамикасын сақтау мақсатында тұрақты байланыстарды белсенді қолдап отыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -