2019 жылғы 21 қарашада ҚР-дың ҚХР-дағы Елшісі Ғабит Қойшыбаев ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары Лэ Юйчэнмен кездесті.
Сұхбат барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 2019 жылғы қыркүйекте ҚХР-ға жасаған тұңғыш мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру сұрақтарын талқылады.
Тараптар екі мемлекет басшыларының Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті дамыту туралы шешімі саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға серпін беретінін атап өтті.
Сондай-ақ, 2020 жылы жоғарғы және биік деңгейдегі өзара іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері бойынша пікір алмасу болды.