2019 жылғы 15 қараша – 22 қараша аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

720



22 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы  бір аптада 0,8%-ға  нығайып  (388,07-ден), бір АҚШ доллары үшін 385,01 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюта нарығында 2019 жылғы 15 қараша – 22 қараша аралығындағы кезеңде бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. АҚШ-та General Motors-ғы ереуілге байланысты автомобильдер өндірісіндегі қысқартуларға байланысты өнеркәсіптік өндірістің құлдырауы (қазанда -0,8% а/а), сондай-ақ бөлшек сауда қарқынының үдеуі (қазанда +0,3% а/а) туралы деректер жарияланды. Ұлыбританиядағы қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелері бойынша  мерзімінен бұрын парламенттік сайлауға (12 желтоқсан) дейін  басқарушы консервативтік партия оппозициялық партияны басып озуда. АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық мәмілелерге қатысты белгісіздік сақталуда, Д.Трамптың сөзінше, Сенат Гонконгтағы наразылық білдірушілерге қолдау көрсетіп отырған заң жобасы үшін дауыс берген уақытта  Қытаймен келіссөздер жалғасуда. Қытай Халық Банкі кредиттеуді ынталандыру үшін базалық мөлшерлемені 4,15%-ға дейін төмендетті. АҚШ-ғы іскери белсенділіктің өсуі қарашада жылдамдады  (өндірістік секторда PMI  52,2-ге жетті).

Осы факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына  әкелді.  

Дамушы елдердің валюталарының АҚШ долларына қатысты бағамдарының серпіні былайша қалыптасты:

  • түрік лирасы геосаяси тәуекелдердің әлсіреуі және инвесторлардың алып-сатарлық капиталының әкелінуінің  аясында 0,7%-ға (5,75-тен  5,71-ге дейін) нығайды;  
  • үнді рупиясы  Үкіметтің бюджет дефицитінің нысаналы көрсеткіштерін сақтау туралы мәлімдеуінің, сондай-ақ капиталдың ірі корпорацияға әкелінуі аясында 0,1%-ға (71,79-дан 71,71-ге дейін) нығайды. 
  • Оңтүстік Африка ранды қазанда инфляцияның 3,7% ж/ж. баяулауы, сондай-ақ ОБ негізгі мөлшерлемені 6,5%-дық  деңгейде сақтау туралы шешімінің  аясында  0,1%-ға (14,71-ден 14,72-ге дейін) әлсіреді;  
  • Индонезия  рупиясы АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық мәмілеге қатысты белгісіздіктің  және ОБ-нің негізгі мөлшерлемені 5%-дық деңгейде сақтауы аясында 0,1%-ға  (14 077-ден 14 092-ге дейін) әлсіреді; 
  • Бразилия реалы ОБ басшысының валюта бағамына қатысты алаңдаушылықтың жоқтығы туралы сөз сөйлеуінің аясында  0,2%-ға (4,19-дан 4,2-ге  дейін) әлсіреді, бұл бағамды қолдау үшін өктемдіктер жүргізу мүмкіндігін азайтады;  
  • Ресей рублі  мұнай бағасының өсуіне және экспорттаушылардың салықтық төлемдері кезеңіне қарамастан, АҚШ пен ҚХР арасындағы сауда-саттық мәмілеге қатысты белгісіздіктің аясында 0,2%-ға (63,76-дан 63,87-ге  дейін) әлсіреді;   
  • Мексика песосы  геосаяси белгісіздіктің сақталуы, сондай-ақ USMCA мәмілесіне қатысты келіссөздер бойынша алға басулардың байқалмауы   аясында  1%-ға (19,18-ден 19,38-ге дейін) әлсіреді. 
На изображении может находиться: текст
Нет описания фото.
 

Дамушы елдер валюталарының серпіні (2019 жылғы  8 қараша =100, индекстің өсуі – валютаның нығаюы)

Нет описания фото.

Нет описания фото.


фото: kfek.org.ua

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -