Сенаторлар ішкі қажеттіліктерді тұрақты қамтамасыз етудің шарттарын ынталандыруға бағытталған заң жобасын қарады

767



Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қойнауын пайдалану, газ және газбен жабдықтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды.

Заң жобасы газ және газбен жабдықтау саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру, еліміздің газға деген ішкі сұранысын тұрақты қамтамасыз ету үшін шарттарды ынталандыру, газды шикізат ретінде қолданатын жаңа инвестициялық жобаларды тарту және іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжатпен бірқатар заң жобаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасымен жер қойнауын көмірсутегілер бойынша пайдалану құқығын беруге аукцион өткізу тетіктеріне өзгерістер енгізіледі. Заң жобасы қабылданған соң аукционды комиссия емес, оператор электрондық нысанда өткізеді. Бұл ретте аукцион жеңімпазын тану және оған көмірсутегілер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру функциясы комиссияда сақталады. Сондай-ақ көмірсутегілер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукциондар операторының қызметі реттеледі.

Еліміздің ішкі нарығын тұрақты газбен жабдықтауды, сондай-ақ газ бағасының деңгейін қамтамасыз ету үшін заң жобасы қабылданған соң электр энергиясы өндірісіне отын ретінде тауарлық газды пайдаланатын жаңа стратегиялық маңызды инвестициялық жобалар мен жаңадан іске қосылған электр станциялары үшін тауарлық газға шекті баға газ жеткізудің өзіндік құнынан және жеті пайызды құрайтын ұлттық оператордың рентабельділігінің ең төмен нормасынан қалыптастырылатын болады.

Сонымен қатар, заң жобасымен табиғи газдың отыны ретінде пайдаланылуын кеңейтуге және тиімділігін арттыруға бағытталған ережелер енгізіледі.

Заң жобасымен уәкілетті органдардың мұнай-химия өнімдерін өндіру жөніндегі инвестициялық жобалардың тізбесін, сондай-ақ өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар мен электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар үшін тауарлық газды ішкі нарықта көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын бекіту және басқалары жөніндегі құзыреттері толықтырылады.

Құжат Палата қарауына берілді.

Телеграм-канал «Нефть и Газ Казахстана. Факты и комментарии». Ежедневные новости с краткими комментариями. Бесплатная подписка.

Международное информационное агентство «DKNews» зарегистрировано в Министерстве культуры и информации Республики Казахстан. Свидетельство о постановке на учет № 10484-АА выдано 20 января 2010 года.

Тема
Обновление
МИА «DKNews» © 2006 -